«Келешек мектептері» ұлттық жобасын іске асыру аясында педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында Қостанай облысында «Келешек мектептері» педагогтеріне арналған оқыту семинары өткізілді.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ бірлесіп ұйымдастырды.
Семинар 2026 жылғы 25 тамызда «Қостанай ауданы білім бөлімінің №1 Заречный жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында өтті. Оған Қостанай облысының «Келешек мектептерінен» 98 педагог – қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, тарих, информатика, физика, химия, биология және география пәндерінің мұғалімдері қатысты.
Оқу барысында педагогтер заманауи оқыту тәсілдері мен әдістемелерімен танысып, «Келешек мектептеріндегі» білім беру үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін және білім сапасын арттыруға бағытталған практикалық шешімдерді талқылады.
Практикалық бөлімді «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернатының» педагогтері тренер ретінде жүргізіп, заманауи оқыту әдіс-тәсілдері мен тиімді педагогикалық тәжірибелерді ұсынды. Қатысушылар кәсіби тәжірибелерімен алмасып, заманауи білім беру технологиялары мен педагогикалық практикада қолдануға болатын әдістемелік шешімдерді ортаға салды.
Іс-шара педагогтердің кәсіби өзара іс-қимылын нығайтып, тәжірибе алмасуына және кәсіби құзыреттілігін одан әрі дамытуына мүмкіндік берді. Жұмыс барысында алынған білім мен практикалық құралдар өңірдегі «Келешек мектептерінде» оқыту сапасын арттыруға және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал ететін болады.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/1046-keleshek-mektebi-sapaly-bilim-bastauy.html#sigFreeId3ddabf3a1f





