ТжКБ ұйымдары директорларының орынбасарлары мен әдіскерлерінің тамыз кеңесі Жаңа халықтық Конституцияның құндылықтары, адами капиталды дамыту және жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру мәселелеріне арналды.

21 тамызда техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының директорларының орынбасарлары мен әдіскерлеріне арналған «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: жасанды интеллект дәуіріндегі адами капиталды дамыту – ТжКБ жүйесін жаңғыртудың стратегиялық негізі» тақырыбында тамыз кездесуі өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар ТжКБ жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін, технологиялар мен жасанды интеллектінің қарқынды дамуы жағдайындағы адами капиталдың рөлін, сондай-ақ сұранысқа ие мамандарды даярлаудағы заманауи тәсілдердің маңызын талқылады.

Педагогтер өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру үдерісінде қолданылатын тиімді әдістер мен практикаларды ұсынды. Қатысушылардың ерекше қызығушылығын заманауи әдістер мен жұмыс құралдарымен танысуға мүмкіндік берген практикалық шеберлік сыныптары тудырды.

Тамыз кездесуі кәсіби пікір алмасуға, озық тәжірибемен бөлісуге және заманауи сын-қатерлер мен стратегиялық басымдықтарға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін одан әрі дамыту перспективаларын талқылауға арналған маңызды алаң болды.