18 тамызда Қостанай облысының педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында «Ағылшын тілі сабағы: білім берудегі басымдықтар және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында шетел тілдері мұғалімдерінің секция отырысы өтті.
Секция жұмысы 2025–2026 оқу жылының қорытындыларын шығарудан басталып, негізгі нәтижелер қарастырылды және алдағы оқу жылына шетел тілдерін оқытуды дамытудың басым бағыттары айқындалды. Қостанай қаласының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Астана қаласында өткен педагогтердің жазғы сессиясына қатысушы З.С. Дәумова 2026–2027 оқу жылында ағылшын тілін оқытудағы жаңалықтар мен өзгерістер туралы ақпарат ұсынып, өзекті білім беру бағдарлары мен практикалық ұсынымдарымен бөлісті.
Секцияның практикалық бөлімі Digital Lab форматындағы екі блок бойынша ұйымдастырылды. Педагогтер білім алушылардың оқу мотивациясы мен белсенділігін арттыруға, коммуникативтік дағдылары мен функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған заманауи тәсілдерді таныстырды. Жасанды интеллект, prompt engineering, интерактивті технологиялар және Alpha буынын оқытудың ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ қатысушылар сабақты ұйымдастырудың заманауи технологиялары мен оларды білім беру үдерісінде тиімді қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Тамыз секциясы кәсіби тәжірибе алмасуға, өзекті өзгерістерді талқылауға және шетел тілдерін оқыту сапасын арттыруға, әрбір білім алушының табысты білім алуына жағдай жасауға бағытталған жаңа шешімдерді іздеуге арналған тиімді кәсіби алаңға айналды.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/1041-a-ylshyn-tili-saba-y-bilim-berudegi-basymdy-tar-zh-ne-zha-a-m-mkindikter.html#sigFreeId773fb043c3





