2026 жылғы 19 тамызда биология және химия пәні мұғалімдерінің «Педагогтің әдістемелік компасы: сапа мен тиімділік бағдарлары» тақырыбында онлайн форматта тамыз секциялық отырысы өтті.
Секция модераторы – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Аубакирова Анаргүл Мусовна.
Отырыс барысында педагогтердің әдістемелік құзыреттілігін арттыру, білім алушылардың зерттеушілік және эксперименттік дағдыларын дамыту, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, цифрлық және AI құралдарын қолдану, сондай-ақ химия мен биологияны оқытуда практикалық-бағдарлы және экологиялық бағытталған тәсілдерді пайдалану мәселелері қарастырылды.
Қатысушылар педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді әдістемелік практикаларды талқылады және білім беру үдерісін одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар қабылдады.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/1038-bir-distemelik-tol-ynda.html#sigFreeId592bb19989





