2026 жылғы 17 тамызда тамыз айындағы іс-шаралары аясында «Заманауи сабақ - мағына мен құндылықтар кеңістігі» тақырыбында тарих, орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің секциясы өтті.
Секцияның мақсаты – заманауи сабақты білім алушылардың құндылықтарын, өмірлік мағыналарын қалыптастыруға және тұлғалық дамуына бағытталған кеңістік ретінде ұйымдастыруда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Секция жұмысы Methodology Lab (әдістемелік зертхана) форматында ұйымдастырылды. Бұл формат педагогикалық тәжірибені таныстыруды, практикалық жұмысты, әдістемелік шешімдермен алмасуды және рефлексияны өзара ұштастыруға мүмкіндік берді.
Секция жұмысына білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, тарих, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қатысты.
«Стратегиялық зертхана» барысында өзекті педагогикалық тәжірибелер мен білім берудегі жаңа тәсілдер ұсынылды. Қатысушылар білім алушылардың құндылықтық бағдарларын қалыптастыруға бағытталған сабақтарды ұйымдастыру тәжірибесімен, әдебиет сабағында жобалық жұмыс түрлерін қолдану жолдарымен, сондай-ақ цифрлық ортада құндылықтар туралы диалог құрудың заманауи тәсілдерімен танысты.
«Педагогикалық практикалар зертханасында» мұғалімдер нақты әдістемелік шешімдерін ұсынды:
- тарих және әдебиет сабақтарында кіріктірілген тапсырмаларды қолдану;
- заманауи сабақ арқылы дәстүрлі құндылықтарды қалыптастыру;
- тарихты оқытуда билингвалды тәсілді пайдалану;
- сторителлингті тарих пәні мұғалімінің құралы ретінде қолдану;
- тарихи және әдеби материалдарды мағына мен құндылықтарды қалыптастыру контекстінде пайдалану.
Секция барысында тарих, орыс тілі және әдебиеті мұғалімдерінің пәнаралық өзара әрекеттестігіне ерекше назар аударылды. Ұсынылған тәжірибелер пәндер мазмұнын кіріктіру арқылы білім алушылардың сыни ойлауын, зерттеушілік дағдыларын, оқырмандық және функционалдық сауаттылығын дамыту мүмкіндіктерін көрсетті.
«Конструкторлық зертханада» зерттеушілік логикаға негізделген гуманитарлық сабақ моделі қарастырылды. Қатысушылардың өз бетінше ойлауын және оқу материалымен саналы түрде әрекеттесуін ынталандыратын тапсырмаларды құрастыру тәсілдері ұсынылды.
«Цифрлық зертханада» тарих және орыс тілін оқыту барысында цифрлық құралдар мен геймификацияны қолдану мүмкіндіктері көрсетілді. Практикалық мысалдар білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға және интерактивті білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталды.
Практикаға бағытталған кезең «Әдістемелік шешімдер зертханасы» – «2026–2027 оқу жылына арналған идеялар банкі» форматында өтті. Қатысушылар тиімді педагогикалық тәжірибелерді анықтап, шығармашылық топтардың тақырыптарын ұсынып, алдағы оқу жылына арналған бірлескен жобалардың идеяларын белгіледі. Бұл формат ұсынылған тәжірибені жинақтап қана қоймай, педагогтердің одан әрі әдістемелік ынтымақтастығына негіз қалыптастырды.
Секция жұмысы «Рефлексиялық зертханамен» қорытындыланды. Қатысушылар өз педагогикалық тәжірибесіне енгізуге болатын маңызды идеяларды анықтап, заманауи сабақты жетілдіруге бағытталған нақты қадамдарын белгіледі.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша заманауи сабақ – тек білімді меңгертетін кеңістік қана емес, сонымен қатар білім алушының өмірлік мағыналарын, құндылықтарын, зерттеушілік мәдениетін және тұлғалық дамуын қалыптастыратын орта екені атап өтілді.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар:
- гуманитарлық бағыттағы сабақты ұйымдастырудың заманауи тәсілдері туралы түсініктерін кеңейтті;
- тарих, орыс тілі және әдебиеті пәндері мұғалімдерінің тиімді педагогикалық тәжірибелерімен танысты;
- пәнаралық ықпалдастық мүмкіндіктерін қарастырды;
- білім алушылардың құндылықтық бағдарларын қалыптастырудың тиімді жолдарын өзектендірді;
- цифрлық құралдар мен заманауи білім беру технологияларын қолдану мүмкіндіктерін анықтады;
- 2026–2027 оқу жылына арналған әдістемелік жұмыс пен бірлескен жобалардың идеяларын қалыптастырды.
Секцияны өткізу педагогтердің кәсіби диалог құруына, педагогикалық тәжірибе алмасуына және заманауи білім беру сапасын арттыруға бағытталған практикалық шешімдерді бірлесіп іздеуіне мүмкіндік беретін бірыңғай әдістемелік кеңістіктің қалыптасуына ықпал етті.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/1032-tarikh-orys-tili-men-debieti-p-nderi-m-alimderini-sektsiyasy.html#sigFreeIddaf769b6a9





