|
Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы «28» қыркүйектегі № 408 қаулысымен бекітілген |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы
1-тарау. Жалпы ережелер
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Қостанай облысының мектепке дейінгі, орта, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша функцияларын жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
- Мемлекеттік мекеме Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы «28» қыркүйектегі № 408 «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысымен құрылды.
- Қостанай облысының әкімдігі мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады.
- Қостанай облысының әкімдігі мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын мемлекеттік мекемеге қатысты жүзеге асыратын орган болып табылады.
- Қостанай облысының әкімдігі (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі – басқару органы) мемлекеттік мекемені басқару бойынша бірқатар функцияларды жүзеге асыруға өкілеттік береді.
- Мемлекеттік мекеменің атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
- Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Казақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі
- Мемлекеттік мекеменің дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған бланкілері, мөрлері болады.
- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
- Мемлекеттік мекеме өзінің қарауындағы міндеттемелері бойынша қаржы қаражатымен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде қаржы қаражаты жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
- Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
3-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
- Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні – оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру, оқу-тәрбие процесін әдістемелік сүйемелдеу, инновациялық, эксперименттік бағдарламаларды енгізу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
- Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты облыстық білім беру жүйесінің инновациялық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін тиімді механизмдер мен жағдайлар жасау болып табылады.
- Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін мемлекеттік мекеме мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;
2) балаларды ерте дамыту мәселелері бойынша мобильді топтар құру;
3) тәрбие-білім беру, оқу-тәрбие процесінің сапасын талдау, тәрбиеленушілердің даму деңгейіне, білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу;
4) педагогикалық қызметті зерттеу, педагогтердің озық (озық, инновациялық) педагогикалық практикаларын, әзірлемелерін жинау, сараптау, жалпылау және тарату;
5) тәжірибелік-эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру, білім беру ұйымдары мен педагогтердің бастамаларын қолдау;
6) жұмыс тәжірибесін жинауды, талдауды және жүйелеуді қамтамасыз ету, жұмыстың тиімді түрлері және олардың мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беру нәтижелері туралы деректер банкін құру;
7) педагогтердің сапалық құрамының мониторингі, қажеттілік болжамы, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
8) республикалық конкурстардың, тақырыптық, ғылыми-әдістемелік семинарлардың, конференциялар мен ғылыми-әдістемелік кеңестердің өңірлік кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу;
9) педагогтерді аттестаттау үшін жағдайлар жасау;
10) педагогтерді мемлекеттік білім беру саясатының негізгі үрдістерімен, тәрбие-білім беру, оқу-тәрбие процесіндегі өзгерістермен таныстыру;
11) білім беру ұйымдары мен педагогтерді консалтингтік ақпараттық, технологиялық қолдауды қамтамасыз ету;
12) педагогикалық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;
13) білім беру ұйымдарының өңірлік және басқа да жоғары оқу орындарымен, білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарымен, білім беру орталықтарымен ынтымақтастығын қамтамасыз ету.
- Мемлекеттік мекеменің осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасасуға құқығы жоқ.
- Мемлекеттік мекеменің қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле басқару органының не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару
- Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды басқару органы жүзеге асырады.
- Жергілікті атқарушы орган заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
2) мемлекеттік мекеме жарғысын, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
3) мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
4) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
- Басқару органы заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
4) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
5) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
6) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынуы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
7) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
8) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісімін береді.
- Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделмеген жағдайларды қоспағанда, басқару органымен лауазымына конкурстық негізде тағайындалады және лауазымынан босатылады.
- Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, басқару органына тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
- Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
- Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекеменің жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.
- Мемлекеттік мекеменің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты жоспарларын бекітеді;
6) банктік шоттар ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) басқару органы тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
11) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Жарғымен және басқару органымен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5-тарау. Мемлекеттік мекеме мүлкін құру тәртібі
- Мемлекеттік мекеменің мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, олардың құны оның балансында көрсетіледі. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардан:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.
- Мемлекеттік мекеменің дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
- Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда білім беру салаларындағы мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
- Мемлекеттік мекеменің қызметі облыстық бюджеттен қаржыландырылады.
- Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілікті ұсынады.
- Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруді және ревизия жүргізуді жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
6-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
- 31. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
- Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.
8-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
- Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
- Мемлекеттік занды тұлға заңнамалық актілерде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.
- Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды басқару органы жүзеге асырады.
- Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.
- Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған, осы заңды тұлғаның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, таратылған мемлекеттік мекеменің ақшасы облыстық бюджеттің кірісіне есептеледі.
9-тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
- Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
Басшы ________________________________ __________________
Т.А.Ә. (бар болса) қолы





