Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті Мендіқара ауданындағы Буденов жалпы білім беретін шағын жинақты мектебінің тұрақты дамуына белсенді түрде үлес қосып келеді.
Мұндай ынтымақтастықтың нәтижелілігі оқушылардың түрлі байқауларда жүлделі орындарға ие болуынан көрініс табуда.
2026 жылғы 17 маусымда мектепке университет ректорының кеңесшісі, ғылым докторы Р.Ч. Бектурганова және облыстық Әдістемелік орталық директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі Т.И. Набатникова келді.
Мектеп әкімшілігімен бірлесіп мектептің дамуындағы негізгі көрсеткіштерге талдау жасалды, жетілдіруді қажет ететін бағыттар айқындалып, олар бойынша жұмысты күшейту жөнінде нақты міндеттер белгіленді. Педагогикалық ұжыммен мұғалімдердің кәсіби әлеуетін дамыту жолдары қарастырылды. Сонымен қатар педагогтерді аттестаттау, оқу-әдістемелік кеңеске ұсынылатын жұмыстарды дайындау мәселелері бойынша консультациялар беріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылды.
Сапалы басқару жағдайында мектеп өзінің оң имиджін қалыптастырады. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдар қазірдің өзінде жасалып, нақты нәтижелер бере бастады.