IT-құзыреттілікті дамыту және білім беру бағытындағы блогтарды сауатты жүргізу бүгінгі педагогтің кәсіби шеберлігінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес «Әлеуметтік желідегі педагог» облыстық байқауы өтті. Байқауға өңірдің талантты әрі креативті педагогтері қатысып, өздерінің цифрлық кейстері мен білім беру контентін қазылар алқасының назарына ұсынды. Сараптамалық комиссия блогтардың мазмұнының сапасы мен тереңдігін, визуалды безендірілуі мен құрылымын, сондай-ақ білім беру қауымдастығы үшін практикалық құндылығы мен пайдалығын жан-жақты бағалады. Цифрлық мәдениеттің жоғары деңгейін және білім беру контентін тартымды әрі сапалы ұсына білген педагогтерді шын жүректен құттықтаймыз!
2 ОРЫН
• Ақпанбетова А.К. – «Б. Майлин ауданы білім бөлімінің С. Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ география пәнінің мұғалімі;
• Бақыт Г.А. – «Б. Майлин ауданы білім бөлімінің С. Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
• Қадырбаева Ж.М. – «Қостанай қаласы білім бөлімінің №18 мектеп-гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі.
3 ОРЫН
• Шулгауова С.Ж. – «Қостанай қаласы білім бөлімінің №32 жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі.
Құрметті әріптестер! Сіздердің әлеуметтік желідегі парақшаларыңыз тәжірибе алмасудың, кәсіби ынтымақтастықты дамытудың және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған тиімді педагогикалық тәжірибелерді насихаттаудың жарқын үлгісі болып табылады.
Сіздерге сарқылмас шығармашылық шабыт, тың идеялар және еңбектеріңізді бағалайтын белсенді оқырмандар тілейміз! Сіздер Қостанай облысының педагогтері заман талабына сай дамып, цифрлық білім беру кеңістігінде үздік тәжірибені қалыптастырып келе жатқанын дәлелдеп жүрсіздер. Кәсіби дағдыларыңызды одан әрі жетілдіріп, жаңа цифрлық мүмкіндіктерді бағындыра беріңіздер!