Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығын іске асыру аясында «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары және бағыттарын бекіту туралы», Қостанай облысында «Адал азамат» қағидаттарын нығайту және патриоттық тәрбиелеу жөніндегі іс-шаралар кешені жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Патриот–2026» облыстық байқауын өткізу жоспарланған.
Байқаудың мақсаты – қоғам дамуына қосқан үлесі бар, белсенді азаматтық ұстанымымен, жоғары кәсіби біліктілігімен ерекшеленген азаматтарды анықтау және марапаттау, сондай-ақ адалдық, жауапкершілік және қоғамға қызмет ету құндылықтарын насихаттау.
Байқауға қатысуға өтінімдер «Патриоттар байқауы–2026» белгісімен Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасына немесе https://forms.gle/9c1pxEJUGgVHsf3C9 онлайн-нысаны арқылы қабылданады.