Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес және «ӘБ синергиясы: кәсіби дамудың бірыңғай әдістемелік платформасы» облыстық жобасын жүзеге асыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Максим Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ - нің ұйымдастыруымен педагогтерге арналған «Менің 5 минуттық лайфхакым» атты тіл үйренуге арналған микропрезентациялардың таныстырылымына арналған аралық сессия ұйымдастырылды.

Аралық сессияның мақсаты - қазақ тілін оқытуда микропрезентациялардың артықшылықтарын көрсету және тиімді педагогикалық тәжірибелермен бөлісу.

Іс - шараға Федоров, Қарабалық, Бейімбет Майлин, Қарасу, Денисов және Амангелді аудандарының жас мамандары қатысып, өзара тәжірибе алмасу алаңында кәсіби пікірлерімен бөлісті.

Сессия барысында қатысушылар сабақ үдерісінде визуалды және аудиовизуалды материалдарды тиімді қолдану, мәтінмен жүйелі жұмыс жүргізу, модельдеу және жобалау әдістерін пайдалану, сондай - ақ мультфильмдер мен басқа да цифрлық ресурстар арқылы білім алушылардың тілдік дағдыларын дамыту жолдарын талқылады.

Тәжірибелік бөлімде педагогтер микропрезентациялар арқылы қысқа уақыт ішінде мазмұнды әрі тиімді әдістемелік шешімдерді ұсынды. Атап айтқанда, келесі бағыттар бойынша тәжірибелік жұмыстар көрсетілді:

▪ Лексикалық бірліктерді визуалды құралдар арқылы оқыту
(Жахина Альфия Дюсенбековна, Закирова Динара Амиргалиевна)

▪ Грамматикалық құрылымдарды қолдану арқылы сөйлем құру қабілеттерін дамыту
(Айкадамова Гульшат Хамитовна, Тауасарова Гульнар Кайноллиновна)

▪ Аудиовизуалды материалдар арқылы лексикалық және фонетикалық дағдыларды меңгеру
(Ибраева Дина Тайкауровна, Жалмурзаева Жанар Токтарбаевна)

▪ Мәтіндік ақпаратты оқу және ауызша баяндау арқылы түсіну дағдыларын қалыптастыру
(Кусаинова Тамаша Бахитжановна, Абилова Кенжегуль Укаповна)

▪ Коммуникативтік дағдыларды дамыту мақсатында күнделікті диалогтарды модельдеу
(Кисикова Эльмира Сайлауовна, Хусаинова Гүлнара Бахытжанқызы)

Аралық сессия педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, қазақ тілін оқытудағы тиімді әдістерді қолданудың маңыздылығын көрсетті. Сонымен қатар, семинар барысында ұсынылған микропрезентациялар педагогтердің әдістемелік қоржынын толықтырып, сабақ барысында қолдануға болатын практикалық тәсілдерді айқындауға ықпал етті.

Іс - шара барысында ұсынылған әдіс - тәсілдер қазақ тілін оқытуда оқушылардың сөздік қорын байытуға, грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдануына және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға оң ықпал ететіні атап өтілді. Сессия нәтижесінде педагогтер заманауи педагогикалық технологияларды қолдану арқылы білім беру сапасын арттыру бағытында бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

#әдістемеліксеминар #қазақтілі #педагогтер #тәжірибеалмасу #білімберу