Бұл мәселе вебинарда - бастауыш сынып мұғалімі, KAZGUU School.Aqt зерттеуші - педагогі Мустафин Бауржан Жұмабаевичтің тәжірибесін көрсету барысында талқыланды. Вебинар 2026 жылғы 13 наурызда өтті.
Жас педагогтерге арналған тақырып таңдалуы тегін емес! Себебі тәртіп кейде сабақ сапасына кедергі жасайтын фактор болып табылады.
Гумандық педагогика профессоры Бауржан Жұмабаевичтің тәжірибесі тақырыппен танысу кезеңінде - ақ қызығушылық тудырды: «Позитивпен тәртіп: ең шулы сыныпты қалай жұмысқа баулуға болады?»
Ұсынылған әдістер, тәсілдер мен қызықты сұрақтар вебинар қатысушыларына сыныптағы тәртіпті «қалыпқа келтіру» жүйесін түсініп, қалыптастыруға көмектесті.






