Мектеп қызметінің сапасы көп жағдайда директордың құзыреттілігіне байланысты. Дәл осы бағытты жүзеге асыруға «Директордың бастамасы» облыстық жобасы аясында жас директорларды қолдау жұмыстары бағытталған.
Жоба қатысушыларының сұранысына сәйкес 2026 жылғы 13 наурызда Білім басқармасының нормативтік - құқықтық актілердің орындалуын мониторингтеу және талдау, даму және ГЧП - ні қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің заңгері Әбдібек Данагүл Нығметжанқызы вебинар өткізді.
Вебинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:
- білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі қағидалар және олардың сапасын арттыру шаралары;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заңнама талаптарын сақтау.
Осы мәселелер бойынша хабардар болу білім беру ұйымдарының басшыларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Вебинар соңында мектеп басшылары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.






