2026 жылдың 18 ақпан күні Қостанай облысы әкімдігінің «Қарабалық ауданы білім бөлімінің М. Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 6 сынып оқушысы Ертанова Даяна Аслановна, 10 сынып оқушысы - Орехова Томирис Леонидовна және олардың ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Ескендирова Алмабике Мерекеновна «Қазақстан –Қостанай» телеарнасында «Тобыл тынысы» бағдарламасына қатысып сұхбат берді.
Сұхбат Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Ана тілің –арың бұл!» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Жалпы, биылғы жылдан бастап білім саласында «Ана тілің –арың бұл!» жобасы іске асырыла бастады. Жобаны өткізудің мақсаты - өскелең жас ұрпақ пен отбасы мүшелерінің кітап оқу мәдениетін насихаттап, көпшілікке үлгі қылу. Өзге жобалардан ерекшелігі – кітап оқуды оқырмандар өз талғамына сай оқиды және отбасы талқысынан өткізіп, пікірлерімен бөліседі.
Телебағдарламаға қатысқан Даяна Асланқызы мен Томирис Леонидовнаның отбасы да кітап оқуды өмірлік құндылық, рухани байлық санаған отбасылар.
Мысалы, Даяна облыстық Ғафу Қайырбеков, Шәкәрім Құдайбердіұлы оқуларының, «Сөз құдыреті» байқауларының жеңімпазы. Жас оқырман сонымен қатар Ахмет Яссауидың хикметтерін - де жатқа біледі.
Ал, Томирис Леонидовна орыс ұлтының қызы болғанымен, М. Сералин атындағы қазақ мектеебінде оқиды. Мемлекеттік тілге деген қызығушылығы бала кезінен оянған. Томиристе облыстық «Ілияс оқулары», «Жарқын болашақ» - 2023, 2024 жж олимпиадасы мен 2024 жылғы «Мемлекеттік тілге 7 қадам» жобасының жүлдегері. Ол сонымен қатар Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын да жатқа біледі.
Екі қыздың да ақын-жазушылардың көркем шығармаларын оқуды жақсы көруіне отбасы мүшелері мен ұстаздары себепкер. Қазіргі уақытта екеуі де облыстық «Тұлпар мініп –ту алған!» жобасының мектепішілік байқауына дайындық үстінде.