Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Әдістемелік орталығы жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 18 ақпанында география пәні мұғалімдеріне арналған «Digital Earth» облыстық қашықтық олимпиадасының I кезеңі өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – педагогтердің пәндік білім деңгейін бағалау, әдістемелік дағдыларын дамыту және заманауи цифрлық білім беру технологияларын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Биылғы зияткерлік сайысқа өз ісінің нағыз кәсіби мамандары саналатын 188 география пәні мұғалімі қатысты. Бірінші кезең қорытындысы бойынша 57 үздік педагог олимпиаданың күрделі әрі қызықты II кезеңіне жолдама алды.
Барлық қатысушыларды сәтті бастамаларымен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!