2025 жылдың 19 қарашасы күні «Әйгерім - ай» ЖШС бастауыш мектебі Қостанай қ. бастауыш сынып мұғалімдерін функционалдық сауаттылықты дамыту кеңістігін - сабақпен таныстырды.

Шынында да, бастауыш мектепті жеке әлеуетті дамыту ортасы деп атауға болады. Балалардың дамуы үшін: спорт, хореография, көркемсурет шеберханасы, робототехника және тағы басқа қолайлы жағдайлар жасалған.

Өткізілген сабақтар көпшілікті ұстаз шеберханасына енгізгендей әсер қалдырды. Әрбір оқушының ынта - ықыласы, балалар арасындағы өзара әрекеттілік пен бірін - бірі қолдау, жасанды интеллектті пайдаланудың бәрі сабақтарда көрініс тапты.

Сонан соң - тиімді тәжірибелерді зерделеу! Мұғалімдер функционалдық сауаттылықты дамыту және жасанды интеллектті пайдалану тәжірибелерімен бөлісті.

Облыстық әдістемелік орталық директорының орынбасары Т. И. Набатникова «Іскерлік және ең жақсы тәжірибелер: менің есімімде қандай мағына бар?» тақырыбында семинар өткізді.

Қорытынды бөлімде жасанды интеллект ұстаздардың пікірлерінен рефлексивті өлең әзірледі.