2025 жылдың 11 сәуірі күні «Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп-гимназиясы» КММ базасында қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы пән педагогтері үшін «Қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы сабақтардың коммуникативтік және ақпараттық ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.
Семинар бірнеше блоктарға бөлінді. Атап айтар болсақ: әдістемелік вернисаж, экспресс–сабақтар, шеберлік сыныптары.
Семинарға Лисаков білім бөлімінің әдіскерлері және мектеп директоры Е. В. Горбунова белсене қатысып, сабақ пен шебер-сыныптар көрсетті.
Әдістемелік вернисажда семинар қатысушыларына TOPIQ ақпараттық дүңгіршегі және интерактивті панель – цифрлық білім беру ресурстары ұсынылды.
Келесі блокта мұғалімдер 11 экспресс - сабақтарға қатысты. Барлық сабақтар заманауи талаптарға сай болды. Бұл өз кезегінде мұғалімнен сабақты өткізуге мұқият дайындықты талап етеді.
Үшінші блокта мұғалімдер жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, 9 шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабақтарын өткізе отырып, мұғалімдер қатысушыларды процеске тартуға, оларды белсенді етуге, педагогтердің өздеріне беймәлім қабілеттерін ашуларына, өзін-өзі дамытуға не кедергі болатынын түсінуге және жоюға тырысты. Шеберлік –сыныптарында барлық қатысушылар өздерін кәсіби маман ретінде көрсетті.Қызықты, мазмұнды семинар. Барлығы нақты, түсінікті және практик- мұғалімдерге аса қажет тәжірибелер.
Семинар соңында қатысушылар жаңа білімнің, жаңа идеялардың аса бай тәжірибесімен танысып, өз жұмысында пайдаланатынын өз пікірлерінде жеткізді.





