2025 жылғы 27 наурызда Әулиекөл ауылында Қостанай облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтымен бірлесіп ұйымдастырған «Мектеп директоры-Мұғалім, Тәлімгер, Көшбасшы» атты облыстық ғылыми – практикалық конференция өтті. Конференция Халық ағарту ісінің үздігі, Ш. Шаяхметова атындағы Сұлукөл орта мектебінің директоры Хохлова З.А. еске алуға арналды .
Іс-шараның мақсаты мектеп директорының тәрбиеші, тәлімгер және көшбасшы ретіндегі көп қырлы рөлін талқылау болды. Қатысушыларға құттықтау сөзімен ҚОӘББ «Әдістемелік орталығы» директордың орынбасары Утегенова Г.М., ҚОӘББ «Әулиекөл ауданының білім бөлімі»ММ басшысының орынбасары Махашева А.Б.сөйледі.
Қатысушылар білім беру процесін басқарудың өзекті мәселелерін, басшының педагогикалық ұжымның дамуына және мектеп әкімшілерінің көшбасшылық құзыреттерін дамытуға әсерін қарастырды.
Пленарлық отырыста қатысушылар мектеп директоры тек әкімші ғана емес, білім беру жүйесіндегі мекеменің даму стратегиясын қалыптастыратын басты тұлға екенін атап өтті. Пленарлық отырыс аясында баяндамалар айтылды:
«Директордың тәлімгер ретіндегі рөлі және оның педагогикалық ұжымның дамуына әсері» - Даумова Б.Б., PhD докторы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің қауымдастырылған профессоры.
«Заманауи директор – заманауи мектеп» – Игисинова А.Ш., Қостанай облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы.
«Қазіргі директор: басқару, педагогика және тәлімгерлік арасындағы тепе – теңдік» - Расчетов Л.С., «Аманқарағай жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры.
«Қазіргі мектептегі басшының рөлі» – Калкаева Г.Р., «Новонежин жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры. «Мектеп директорларының көшбасшылық құзыреттерін дамыту» секциялық отырысы аясында қатысушылар мектепті тиімді басқарудың негізгі аспектілерін қарастырды. Қатысушылар директордың стратегиялық көшбасшы ретіндегі рөлін, педагогикалық ұжымды ынталандыруды және инновацияларды енгізуді, мұғалімдердің кәсіби өсуі үшін тәлімгерліктің маңыздылығын, директорлардың орынбасарларын басқарушылық қызметке дайындауды, сондай-ақ көшбасшының эмоционалды интеллектінің мектептегі атмосфераға әсерін талқылады.
Конференция тәжірибе алмасудың және мектепті басқарудың жаңа тиімді стратегияларын табудың маңызды алаңына айналды. Қатысушылар ұсынылған бастамаларды іске асыру білім сапасын арттыруға, директордың тәлімгер және көшбасшы ретіндегі рөлін нығайтуға, сондай-ақ педагогикалық ұжымның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға көмектесетініне сенім білдірді.
Мектептің болашағы-білікті, ынталы және шабыттандыратын көшбасшылардың қолында!