30.09.2024 жылы Абай атындағы мектепте Әдістемелік апталықтар басталды. Бүгін дене шынықтыру және көркем еңбек мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі және педагогикалық отрядтың қатысуымен апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Бұл оқиға оқу процесінің барлық қатысушылары үшін маңызды болды, өйткені ол оқушылар үшін жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің басталуын білдіреді.

Әдістемелік бірлестік апталығы аясында оқушылардың спортпен және шығармашылықпен айналысуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар жоспарланған. Мастер-класстар,ашық сабақтар, спорттық жарыстар, шығармашылық жұмыстар көрмелері және т.б. өткізіледі. Әр күн жаңа идеялар мен қызықты оқиғаларға толы болады.

Бұл іс-шараның мақсаты-оқушылардың назарын салауатты өмір салтына аудару, оларды спорттық және шығармашылық іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандыру, сондай-ақ дене шынықтыру мен технологияға байланысты пәндерді оқыту сапасын арттыру.
Біз бұл аптаның жарқын болатынына сенімдіміз!