Заманауи әлемде цифрлық технологиялар күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Облыстық білім беру ұйымдары да цифрлық технологияларды оқу үдерісіне белсенді түрде енгізуде.
Технологиялар оқу процесінің әртүрлі аспектілерінде қолданылады. Атап айтсақ: әкімшілік міндеттерді шешуден бастап онлайн режимінде үй тапсырмасын орындауға дейін. Сандық құрылғылардың нақты артықшылықтары оларды мектепте қажетті элемент етуде.
Бұл мәселе 2024 жылдың 21 тамызы күні «Қостанай қаласы білім бөлімінің №28 мектеп-гимназиясы» КММ өткен орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің секциясында талқыланды.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері цифрлық технологиялар арқылы уақытты үнемдеуге, білімді бағалау процесін жеңілдетуге және ең бастысы -материалды меңгерудің ең жоғары деңгейіне жетуге болатыны туралы тәжірибелерімен бөлісті.
«Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарын дайындау және өткізу барысындағы жасанды интеллект» (Т.В. Доля), «5-сыныптағы сабақтарда мақсат қоюдың әмбебап тақырыптары» (Ж. Г. Журтукова), «Педагогикалық дизайн. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен заманауи сабақты жобалау» (Е.И. Карева.), «Оқушылардың жобалық іс-әрекеті оқу сауаттылығын арттыру құралы іспеттес» (Ю.А. Меркушина.) т.б. тақырыптағы жұмыстар өте қызықты болды.
Ұстаздар қауымы әр әріптесінің баяндамасын белсенді түрде талқылап, өздерін толғандыратын сұрақтарды қойды. Жаңа оқу жылы басталуға санаулы күндер ғана қалды! Биылғы оқу жылы нәтижелі жыл болады деген сенімдеміз!






