
2024 жылғы 14 тамызда Балтабаева Айымгүл Серікбайқызы Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ директоры болып тағайындалды.
Айымгүл Серікбайқызы еңбек еткен жылдары өзін саналы азамат және облыстың білім саласының дамуына зор үлес қосқан дарынды ұстаз ретінде танытты.
Тәжірибелік тәжірибесі мол, еңбек жолын Меңдіқара ауданы №2 Боровской орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған, «Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Бірінші Май орта мектебі» ММ директорының орынбасары, директорын қызметтерін атқарған, «Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып жұмыс жасаған, кейін Қостанай қаласындағы №10 жалпы орта мектебі, Абай атындағы жалпы орта мектептерді басқарды.





