Ұлы ақын, композитор, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туған күнін атап өтіп, ақынның шығармашылығын педагогикалық қызметкерлер арасында кеңінен насихаттау мақсатымен 2024 жылдың 09 тамыз күні ZOOM платформасы арқылы конференция өткізілді.
Мақсатты түрде өткізілетін кешенді іс - шаралардың бастауын ашық деп жариялаған «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары Д. Ж. Сюинкина ұстаздар қауымына сәттілік тілеп, ұлы ақынның шығармашылығын облыс жұртшылығына кеңінен насихатталуына баса назар аудартты.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталық» КММ әдіскері Е. Иманкулов облыстық іс - шаралар жоспарын таныстырып, іске асыру мерзімін нақтылады.
Іс - шара соңында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы.
«Абай поэзиясы –халық мұрасы» челленджін іске асыру үшін ақынның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңін Алтынсарин ауданының білім бөліміне жолдады.
ZOOM платформасы арқылы өткен іс - шараға аудандық/қалалық білім бөлімдері, облыстық білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысты.






