2024 жылғы 19 және 20 маусымда «Золотой фазан» қонақ үй ауласының базасында офлайн форматта «Идеялар шеберханасы немесе қызықты коучингті қалай құру керек» workshop өткізілді, оған директорлардың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты әдіскерлердің кәсіби шеберлігін дамыту, тәжірибе алмасу, колледждің білім беру процесінде инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім беру сапасын арттыру және ортақ командалық рухты қалыптастыруға, ұжымдық жұмыста коммуникацияларды жолға қоюға бағытталған корпоративтік ивент форматын пысықтау болды.
Семинарға қатысушылар мақсатқа жетудің тиімді құралы ретінде teambuilding-ке қатысты, «Эмоционалды драйв», «Педагог әліпбиі», «Кәсіби стандартты қолданып көрейік», «Не? Қайда? Қашан?!, «Қара жәшік», онда сынақтан өтіп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті және әдістеме мен педагогика саласындағы білімдерін көрсетті.
Семинардың екінші бөлімі «Бірге табысқа!» (Тайпалар шайқасы). «Тайпаларға» бөлініп, облыс әдіскерлері ұрпақтарына жолдаулар құрастырды, белгілі педагогтердің сөздерін ашты, табысты жұмыс істеу үшін педагогикалық салт-жоралар жүргізді және т. б.
Осылайша, әдістемелік шеберхана өз мақсатына жетті. Әдіскерлер білім багажын толықтырып, ұжымды қалыптастыру мен біріктірудің түрлі формаларымен танысты. ж
{gallery}it5/gal1{/gallery}





