Қостанай және Челябі облыстарының техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларымен «Рудный политехникалық колледжі» КМҚК базасында «Менің өндірістегі тәжірибем» атты облыстық практикалық конференциясы өткізілді.
Конференцияға 32 колледжден 112 қатысушы қатысты, олардың 5-і Ресей Федереациясынның колледжі болды. Конференция жұмысы әртүрлі бағыттар бойынша 10 секцияда өтті.
Конференцияға зум платформасы арқылы 29 студент қатысты, ол Арқалық қаласының колледждері мен Ресей колледждерінің студенттері.
Әр секцияға қатысушылардың жұмысын жоғары білікті қазылар алқасы бағалады, оның құрамына әлеуметтік әріптестердің өкілдері, сондай-ақ әкімшілік және педагогикалық құрам қатарынан Қостанай және Челябі облыстарының колледждерінің өкілдері кірді.
Байқаудың әр қатысушысы сертификат алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 1,2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жүлделі орындарға барлығы 46 қатысушы ие болды: 1 орынды – 13 адам, 2 және 3 орынды тисінше 18 және 15 адам алды. Қазылар алқасының мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.
«МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ. МЕНІҢ ӨНДІРІСТЕГІ ТӘЖІРИБЕМ» конференциясы қатысушылар арасында тәжірибе мен білім алмасу, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен әлеуметтік серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін тамаша алаңға айналды және жас мамандарды дайындаудың кәсіби деңгейін арттыруға, жас мамандардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға көмектеседі, болашақ маманды еңбекке шығармашылық көзқарасын тәрбиелеу.








