2024 жылдың 17 сәуірінде «Рудный тау-кен технологиялық колледжі» КМҚК базасында облыстық «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» педагогикалық шеберлік мектебінің жұмысы аясында «Заманауи педагогтің жеке басына қойылатын талаптар» тақырыбында әдістемелік фестиваль өтті. Аталған іс-шараға Қостанай облысы колледждерінің 30 тәжірибелі педагогтері қатысты.
Әдістемелік фестиваль барысында облыстық «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» педагогикалық шеберлік мектебінің жетекшісі О.В.Амелина, ХХІ ғасыр педагогінің қазіргі заманғы негізгі құзыреттері мен дағдылары туралы айтып берді. Педагогтер «4К» бойынша 4 зертханаға барды - сыни ойлау, креативті ойлау, кооперация және коммуникация, онда педагогтерге осы құзыреттерді қалыптастыру бойынша орындау үшін тапсырмалар ұсынылды. Мұғалімдер ХХІ ғасыр мұғалімінің моделін жасады.
Кездесу соңында колледж әдіскері И.С.Рябова рефлексия өткізді. Әдістемелік фестивалі мақсатына жетті және жоғары бағаланды










