Осындай атаумен 2024 жылғы 9 ақпанда облыс әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының білім бөлімінің №3 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «1000 мектепті қолдау» республикалық жобасын іске асыру аясында облыстық семинар өтті. Семинардың мақсаты мектептің ҚМДБ іске асыру бойынша оң жұмыс тәжірибесін ұсыну болды. Семинар жұмысына жоба менторлары, жобаға қатысушы мектеп басшылары мен орынбасарлары, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының әдістемелік орталығының әдіскерлері қатысты. Мектеп ұжымы Scrum және Kanban басқарудың инновациялық стратегияларын пайдалана отырып, МІБ - ды іске асыру бойынша әкімшілік топтың жұмыс тәжірибесін ұсынды. Бұл икемді басқару технологиялары заманауи білім беру, оның ішінде мектепішілік бақылау мәселелерін шешуге жарамды, бұған семинарға қатысушылар теориялық ақпарат арқылы ғана емес, практикалық жұмыста да көз жеткізе алды. Семинар барысында қатысушылар жас мамандар мен тәжірибелі педагогтердің сабақтарына қатысуға, мұғалім мен оқушылардың ілгерілеу деңгейін бағалау мақсатында сабақ практикасына кешенді бақылау жүргізуге мүмкіндік алды. Мектептің әкімшілік тобы ұсынған сабақты талдау әдістері мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетіне оқу процесіне қойылатын заманауи талаптар тұрғысынан және тиісті теориялық негіздеме бойынша білікті талдау жасауға мүмкіндік береді. Әдістемелік жұмыстың ұсынылған жаңа нысаны – «Дедлайн offline» әдістемелік квизі мұғалімдердің сыни ойлауын, ақпаратты талдауын және мектеп менеджерінің маңызды қасиеттері болып табылатын тұжырымдарды қалыптастыру мүмкіндіктерін көруге мүмкіндік берді. Семинардың барлық қатысушылары алдағы жұмыста пайдалану үшін әдістемелік материалдар алды. Семинар қорытындысы бойынша оқу - тәрбие процесінің сапасын арттыру және облыс мектептерінің педагогикалық ұжымдарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мақсатында мектепішілік бақылауды ұйымдастыру және өткізу бойынша тәжірибе алмасу бойынша жобаға қатысушылардың өзара іс - қимылының одан әрі жолдары белгіленді.





