«Мектептердің инновациялық дамуы» - атауымен 2024 жылдың 15 наурызы күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Әдістемелік орталығы мектеп директорлары мен директордың орынбасарларына арнап кейс сессия іс - шарасын өткізді. Кейс сессия іс - шарасында мектеп директорлары мектептің оң имиджін қалыптастырудағы педагогикалық ұжымның негізгі қызметін көрсетті. Тек ұжымның бірлігі ғана нәтижелі дамуға және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге, мектептің брендін құруға және оның ауылдық немесе қалалық мектеп екеніне қарамастан кәсіби тұрғыдан өсуін қамтамасыз етеді. Бұл іс - шарада Рудный қаласы білім берудегі жоғары кәсібилік мәртебесін қамтамасыз ететін мектептердің инновациялық дамуы бойынша ең көп кейстерді ұсына алды. Кейс сессия жұмысы жалғасуда. Тәжірибе алмасу үшін тың ұсыныстар мен іс - шараға өзге де қатысушыларды күтеміз!





