2024 жылдың 16 ақпанда «Лисаковск қаласы білім бөлімінің № 4 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Мектепішілік бақылау - оқу - тәрбие процесін басқарудың тиімді құралы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс - шара «1000 мектепті қолдау» республикалық жобасы аясында ұйымдастырылды, жобаға екі мектеп – Октябрь жалпы білім беретін мектебі мен №4 жалпы білім беретін мектебі қатысуда. Семинарға жоба менторлары, облыстық әдістемелік орталықтың, аудандық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, облыс мектептері басшылары мен директордың орынбасарлары қатысты. Семинарда мектепішілік бақылауды ұйымдастыру және өткізу бойынша Лисаковск қаласы мектептерінің тәжірибелері таныстырылды. Қала мектептерінің мұғалімдері МІБ жоспарын құрастырудағы жұмыс алгоритмін көрсетті. Семинарға қатысушылармен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сабақтар мен практикалық жаттығулар өткізілді. Мектеп - гимназия директоры Горбунова Е.В. мектепішілік бақылауды ұйымдастыруда Lesson study және Action Research әдістерін қолдану бойынша жұмыс тәжірибесі ұсынды. Октябрь ОМ директорының орынбасары Пастухова И.В. ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасауда ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті. Мектепішілік бақылау жүйесі арқылы мұғалімдердің кәсіби өсуін әдістемелік қамтамасыз етудің оң педагогикалық тәжірибесі туралы мектеп - лицейдің бас мұғалімі Есионова А.Н. әңгімелеп берді. Семинарда оқу үдерісінің өзекті мәселелері бойынша нәтижелі де тиімді диалог болды.