2023 - 2024 оқу жылына жоспарланған «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының аудандық/қалалық кезеңдеріне 886, облыстық кезеңіне 78 бастауыш сынып мұғалімі қатысып, бақтарын сынады. Олимпиаданың облыстық кезеңінен 8 педагог үздік шығып, республикалық математикалық олимпиадаға жолдама алды. 2024 жылдың 2022 - 2023 ақпанында Астана қаласында «Дарын» республикалық ғылыми - практикалық орталығы және «Зерделі» ақыл - ой дамыту орталығы ұйымдастырған «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасы өтті. Жеке педагогтер мынадай жетістіктерге жетті: 1 орын - Белицкая Ирина Ивановна (МГГ, Қостанай қ.), Супрун Елена Николаевна (Сарыкөл ауданы); 2 орын – Яковенко Надежда Владимировна (Қарасу ауданы); 3 орын – Солодская Ирина Ивановна, Чечина Диана Дмитриевна (Қостанай қ.) жеңіп алды. Жаркимбаева Женискул Куанышбаевна (Қостанай ауданы), Кривонос Екатерина Ивановна (Федоров ауданы) мадақтамалармен марапатталды. Қостанай облысынан республикалық олимпиадаға қатысқан 7 бастауыш сынып мұғалімдерінің жинаған ұпайлары командалық жүлделі ІІІ орынды (былтыр 20 орын) алуға мүмкіндік берді. Тамаша жетістік!Бастауыш сынып мұғалімдерін құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз.