ХХІ ғасыр – адам өмірінде жоғары қажеттіліктің құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды ақпараттық жүйелердің ғасыры Ақпараттық және техникалық мүмкіндіктердің әртүрлілігі баланың жеке басының дамуына әсер етеді.Қазіргі қоғамда қоғамды қалыптастыратын маңызды шарттарының бірі – білім. Білім – дамудың қозғалтқышы. Осыған орай, білім беру мазмұнының бір саласы – білім сапасын арттыру болып табылады. Оқыту процесінде маңызды рөл атқаратын инновациялық білім беру технологияларына ерекше орын берілген.«Тарих сабақтарында инновациялық білім беру технологиялары негізінде білім алу сапасын арттыру» атты тақырып бойынша «Қостанай ауданы білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынов атындағы мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында тарих пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.Семинар жұмысы әдістемелік тұрғыдан қарқынды өтті. Тәжірибелі педагог - тәлімгерлер мен жас оқытушылар тарихты оқытудың өзекті әдістемелік мәселелері мен жалпы мәселелерін, жеке тұлғаға бағдарланған оқытудағы табыстылық жағдайларын модельдеуді талқылауға мүмкіндік алды.Семинар барысында аса қызықты жұмыс түрлері көрсетілді. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі бірден байқалады. Біз мұғалімдерден, балалардан және ата - аналардан құралған ынтымақты ұжымды көрдік.Семинар соңында «NAZA technology» ЖШС директорының орынбасары Ерполатов Нұрсұлтан Ерқасымұлы шақырылды.Нұрсұлтан Ерқасымұлы 2024 жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасының Білім министрі Ғ. Бейсембаевпен кездесіп, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіндегі заманауи цифрлық кабинет, Қазақстан тарихы, қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінің хал - ахуалын талқылады.