2024 жылы 23 қаңтар күні № 1 мектеп - лицейінде облыстық семинар - дайвинг өтті. Семинардың тақырыбы білім беру ұйымдарының әкімшілік корпусының жұмысындағы маңызды мәселелердің бірі «Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру» болды. Аталған іс - шараға қала және облыс мектептерінің директордың оқу ісі, тәрбие ісі және ғылыми - әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» басшысының орынбасары Г.М.Утегенова және №1 ШЛ директоры Б.К.Кажиякбаров сәлемдесу және құттықтау сөз кезегін жолдады. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығының» аға әдіскері С.К.Дастанбаева «Білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылауды жүргізудің тиімді әдістері туралы» талдамалық ақпаратпен жұрт алдында сөз сөйледі. Семинар аясында №1 мектеп - лицейдің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Г.М.Абедчанова, Н.Б.Ерденова, Т.Б.Федулова семинарға қатысушыларының жұмыс жасау тиімділігін арттыру мақсатында мектепішілік бақылауды теориялық негізде және тәжірибе тұрғысында жоспарлау және жүзеге асыру тақырыпқа «бату» шарасын жүргізді. Семинар - дайвингте тәжірибені жалпылау үрдісі мектепішілік бақылау үрдісінде практикалық машықты дамытуға және жетілдіруге бағытталған. Қазіргі мектепте бақылау жасау білім беру үрдісінің қатысушыларының жұмыс нәтижелері туралы сенімді ақпаратты жасауға ықпал етеді, жұмыстағы кемшіліктердің пайда болуына жол бермейді және оқушылардың оқу сапасын арттыруға көмектеседі.





