Облыстық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен Қостанай автомобиль көлігі колледжінің базасында 2024 жылдың 29 наурызында мектеп/студенттік Парламент тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кездесуде «Жас көшбасшы мектебі» сияқты жобалар талқыланды, онда жоба жетекшісі Л.Байжанова жобаның мақсаттары мен міндеттері, мектептер мен колледждердің білім алушылары қандай қызметпен айналысатыны туралы айтып берді. «СОЦИУМ & Я» қоғамдық бірлестігі студенттік өзін - өзі басқарудың негізгі аспектілері мен перспективаларымен бөлісті. Білім басқармасының БАҚ - пен жұмыс бөлімінің басшысы А. Лазарева «Нәтижелі жұмыстың тиімді тәсілі ретінде әлеуметтік желілерді жүргізу» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді, сондай - ақ бағдарлама бойынша облыс мектептері мен колледждерінің үздік тәжірибелері көрсетілді. Мектептер мен колледждер директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мұндай іс - шараларды мастер - класс форматында жиі өткізу туралы ұсыныстарын айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Барлығы 52 педагог қатысты





