Қазақстан Республикасы бойынша оқу жылының басында басталған «МІБ 1000 мектеп» республикалық жобасын іске асыру жалғасуда. МІБ мектеп әкімшілігінің қызметіндегі өзекті мәселелердің бірі болып қала береді және білім беру ұйымдары қызметінің барлық бағыттарына және білім беру сапасын арттыруға тікелей әсер етеді. 2023 жылғы 29 қарашада Рудный қаласының білім бөлімі және ҚОӘББ «Рудный қаласының білім бөлімінің № 1 Қашар жалпы білім беретін мектебі» КММ ұжымы жобаға қатысушылармен «МІБ - да проблемаларды зерттеу және оларды шешу: жағдайды жақсартудағы қиындықтарды талдау және практикалық тәсілдер» семинар - практикумы шеңберінде кездесу ұйымдастырды. Жұмыс барысында жоба қатысушылары мектептің МІБ жоспарын жоспарлау және іске асыру бойынша оң тәжірибесімен танысты. Семинарда МІБ мәселелерін жоспарлаудағы заманауи стратегиялар қарастырылды, жоспарды модельдеу элементтерінің бірі ретінде форсайт - сессия өткізілді, сабаққа қатысу кестесін құруда практикалық тәсілдер ұсынылды. Практикалық бөлімде мақсаттарға сүйене отырып, семинарға қатысушылар бағалау критерийлеріне дискрипторларды әзірлеу арқылы бақылау парақтарын жобалап, сондай - ақ тәрбие іс - шарасын талдауға қатыса алды.





