Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданының білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында жалпы білім беретін мектептер директорларының орынбасарлары үшін «Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру, мазмұны және технологиялары» тақырыбында облыстық практикалық семинар өтті. Спикерлер «1000 мектепті қолдау» жобасын іске асырудың тиімді жолдарын көрсетіп, мектепішілік бақылаудың негізгі бағыттары бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті . Семинар соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, мектепішілік бақылауды тиімді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар берді. Іс - шараға Федоров ауданының, Қарабалық ауданының, Қостанай ауданының және Рудный қаласының Қашар пгт педагогтері қатысты





