2026 жылдың 21 қыркүйегі күні  Қостанай облысы әкімдігі білім  басқармасының  «Әдістемелік орталығы» КММ  директорының  орынбасары Т.И. Набатникова әдіскерлер тобына «Өз қолыңмен атқарылған жоба» тақырыбы бойынша  тәжірибеге бағытталған әдістемелік оқыту өткізді.

 Негізгі мақсат жобаны  тек «қағаз жүзінде» әзірлеу емес,  педагогикалық идеяны білім   беру ортасының  қажеттіліктерін шынымен қанағаттандыратын инновацияға қалай айналдыру керектігін түсіндіру болды.

Қатысушылар   әзірлемелер  әзірлеудің  кезеңдері туралы толық  түсінік алып,  педагогикалық  жобаның   төрт  бастапқы координаттары, яғни:   уақыт, жүйе, мақсат және жобалық іс-әрекеттің негіздерін  қарастырды.

 Әдіскерлер сонымен қатар,  таңдау құралдары мен тақырыптық  таңдауды:  білім беру ортасын талдаудан бастап, қолданыстағы тәжірибелерді зерттеуді, өз ресурстарын бағалауды  және нақты нәтижені анықтауға дейінгі әдіс – тәсілдермен  танысты.

 Жобаның   өміршеңдігіне, яғни - іске асырылуы  мен  практикалық пайдасына да ерекше назар аударылды. Атап айтар болсақ, әдістемелік материалдар, кейстер,  дерекқор,  атқарылған істің  цифрлылық нәтижесі,    тәжірибенің  сипаттамасы қамтылды. Сонымен қатар, жоба нәтижелерін тұрақты,   әріптестер  үшін пайдалы  еткен   барлық  жұмыстардан соң,   не атқарылмады?  деген  маңызды сұрақ- та талқыланды.

Оқытудың  нәтижесі - жобаны инновациялық өзгерістердің тұтас циклі ретінде түсіну: қоршаған  ортаны   талдау → жобалау → іске асыру → нәтиже → тарату → жаңа мақсаттарды қарастырды.


 <p style="text-align: center;"><a href="/images-new/it8/18/1/MyCollages.jpg" rel="lightbox"><img src="/images-new/it8/18/1/MyCollages.jpg" width="60%" /></a></p>