28.08.2026 ж. Тамыз конференциясы аясында «АгромашХолдинг KZ» АҚ базасында «Колледждердің цифрлық трансформациясы - бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында семинар-экскурсия-тренинг өтті.
Іс-шараға Қостанай облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Бағдарлама аясында А.В. Якубовский, М.М. Бокаева, Т.К. Мурзагильдин, Е. Арбагулов, М.А. Рюмин және К.Ф. Ткач өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар ТжКБ жүйесінің басым бағыттарын, заманауи кәсіпорындарды дамыту перспективаларын, өндірістік процестерге цифрландыруды енгізу және білім беру процесін цифрлық трансформациялау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, «АгромашХолдинг KZ» АҚ заманауи технологиялық процестері мен жабдықтарын көрсетумен экскурсия өтті.
Іс-шара конференцияның барлық қатысушыларының белсенді қатысуымен жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде өтті. Іс-шара барысында білім беру жүйесін одан әрі трансформациялау мен дамытуға бағытталған пікір, тәжірибе және ұсыныстар алмасылды. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, колледждер мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және болашақ мамандарды даярлауға заманауи тәсілдерді енгізуге ықпал етеді.






