2026 жылғы 28 тамызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін және арнайы пәндер оқытушыларының «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: ТжКБ студенттерінің іргелі ЖИ сауаттылығы мен икемді цифрлық құзыреттерін қалыптастыру» тақырыбындағы тамыз педагогикалық секциясы өтті.
Қазіргі білім беру технологиялармен бірге өзгеруде. Жасанды интеллект пен цифрлық платформалар білім беру ортасының ажырамас бөлігіне айналды. Сондықтан бүгінгі педагогтің міндеті - жаңа технологияларды жай ғана пайдалану емес, олардың мүмкіндіктерін саналы түрде білім сапасын арттыруға және сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағыттау.
Секцияның дәл «Озат» мектебінің базасында өтуі ерекше мәнге ие болды. Мектеп мұғалімі Нургалиева С.Н. тәжірибесінен басталған кәсіби диалог білім берудегі сабақтастықты айқын көрсетті: мектеп цифрлық негізді қалыптастырса, ТжКБ жүйесі оны кәсіби бағытта дамытады.
Секцияның практикалық бөлімі екі шеберлік сағаты форматында өтті. 1-ші шеберлік сағаты «Жаңа буын сабағын құрастыру: цифрлық технологиялар, дизайн және білім беру сценарийлері» заманауи сабақтарды құрастыру, цифрлық технологияларды, білім беру дизайнын және практикаға бағдарланған тапсырмаларды қолдану тәжірибесін біріктірді. Спикерлер: Сейлханова А.Е., Довгалева Т.А., Малых Е.А. 2-ші шеберлік сағаты «Сабақ тиімділігін арттырудың әдістері мен цифрлық құралдары - кадрларды даярлау сапасының факторы» интерактивті әдістерге, онлайн-платформаларға, жасанды интеллект мүмкіндіктеріне және командалық жұмысты ұйымдастыру құралдарына арналды. Спикерлер: Жуванышева У.С., Недайборщ А.Н., Токмагамбетов К.М., Байнакатова З.М., Волошко В.И.
Бірлескен тамыз секциясы оқытушыларды заманауи білім беру тәсілдері, цифрлық шешімдер және болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру жөніндегі ортақ мақсат төңірегінде біріктірген бірыңғай кәсіби диалог алаңына айналды. Кездесу тәжірибе алмасуға және жаңа құралдарды практикалық тұрғыда меңгеруге мүмкіндік берді. Технологиядан - педагогикалық шешімге. Идеядан - іс-әрекетке. Цифрлық мүмкіндіктерден - болашақ маманды даярлау сапасына.






