2026 жылдың 19 тамызында педагогтердің тамыз айының математика пәні мұғалімдеріне арналған секциясы өтті. Секция барысында 2026-2027 оқу жылында білім беруді дамытудың өзекті бағыттары,білім алышулардың функционалдық сауаттылығын , сыни ойлау және зерттеушілікдағдыларын дамытуға бағытталған заманауи әдістемелік тәсілдер қарастырылды. Секция барысында: жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды пайдалану арқылы математика сабағының тиімділігін арттыру, жасанды интеллект негізінде асық ату ойынында лақтырудың оңтайлы траекториясын болжауға арналған интеллектуалды жүйені әзірлеу, математиканы оқытуға арналған визуалды-кинестетикалық құралдарды әзірлеуде жасанды интеллект технологияларын кіріктіру: флексорлар мен математикалық призмаларды жасау тәжірибесі, AI + Math + STEM: жасанды интеллект дәуірінде математика мұғалімінің жаңа кәсіби құзыреттерін қалыптастыру, көмекші емес, бірлескен автор: білім беру үдерісін жобалау, оқыту және сүйемелдеуге арналған ЖИ-ассистенттер командасы қарастырылды.
2026-2027 оқу жылына арналған математика пәні мұғалімдеріне ұсыныстар әзірленді. Ұсыныстар білім беру үдерісіне заманауи білім беру технологияларын , STEM тәсілдерін және жасанды интеллект құралдарын одан әрі енгізуге бағытталды.

{gallery}it4/51{/galllery}