1. Жалпы мәліметтер
- Ұйымның толық атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Әулиекөл ауданы білім бөлімінің «Ш.Шаяхметов атындағы Сұлукөл жалпы білім беретін мектебі» КММ
- Заңды мәртебесі: мектеп
- Меншік нысаны: мемлекеттік ұйым
- Құрылған жылы: 1970 ж.
2. Геолокация және байланыс деректері
- Нақты пошталық мекенжайы: индекс 110415, Ленина көшесі, 23Б
- Ресми веб-сайты: sulukol-om.edu.kz
- Байланыс деректері: 93-7-05, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
3. Атаулы мәртебесі
- Білім беру ұйымына берілген көрнекті тұлғаның аты-жөні: Шайсұлтан Шаяхметов
-
Тұлға туралы қысқаша өмірбаяндық мәлімет:
Шаяхметов Шайсұлтан (7 қаңтар 1939, Қостанай облысы Науырзым ауданы Науырзым кенті – 29 маусым 2000, Алматы қаласы) – химия ғылымының кандидаты, профессор. Гранд Каньон университетінің құрметті профессоры, Халықаралық шығармашылық академиясының толық мүшесі (1992), Самбодан спорт шебері атағын алған тұңғыш қазақ. Қазақстан Республикасы Инженер академиясының мүшесі (1992).
1946 жылы Науырзым ауылының жеті жылдық мектебінде оқи бастады, кейін Қостанай облысы Семиозерный ауданының (қазіргі Әулиекөл ауданы) № 1 қазақ орта мектебіне ауысты, ол бүгінде Шайсұлтан Шаяхметовтің есімімен аталады. Мектепті алтын медальмен бітірген.
Оқу үздігінің алтын медалі оған 1957 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультетіне емтихансыз түсуге мүмкіндік берді. 1962 жылы ММУ бітірді. Химия ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі (1992 жыл), Халықаралық шығармашылық академиясының академигі (1992), Гранд Каньон университетінің құрметті профессоры (Феникс, АҚШ). 1962-1964 жылдары дәл аспаптар бойынша шебер, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 1964 жылдан 1968 жылға дейін — КСРО Ғылым Академиясының электроорганикалық қосылыстар институтының аспиранты. 1968-1972 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде инженер, ассистент, аға оқытушы болып жұмыс істеді. - Атау беру туралы растайтын құжаттар: Әулиекөл аудандық Мәслихат пен Әулиекөл ауданы әкімінің № 52/139 12.12.2000 ж. шешімі
- Атау берілген күні: 12.12.2000 ж.
4. Тарихи анықтама
- Мектеп салынған жылы: 1970 жыл
- Шаяхметов Шайсұлтан Шаяхметұлының есімін беру туралы 2001 жылғы 24 шілдедегі Әулиекөл аудандық Мәслихат пен Әулиекөл ауданы әкімінің № 52/139 шешімі.
- «Әулиекөл ауданының білім және спорт бөлімінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Сұлукөл орта мектебі» мемлекеттік мекемесін «Әулиекөл ауданының білім бөлімінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Сұлукөл орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне атауын өзгерту туралы, 2006 жылғы 20 ақпандағы № 65 қаулы.
- «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Сұлукөл орта мектебі» мемлекеттік мекемесін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Сұлукөл жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне атауын өзгерту туралы, 05.01.2021 жылғы №5 бұйрық.
Мектептің өңірдің білім беру жүйесіндегі орны мен үлесі:
- Мектеп өңірдің білім беру жүйесінде маңызды орын алады. Білім алушыларға сапалы орта білім берумен қатар, олардың жан-жақты дамуына, тәрбиесіне және тұлғалық қалыптасуына қажетті жағдай жасайды.
- Мектеп білімді, белсенді, жауапты және қоғам өміріне белсене араласатын жас ұрпақты қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді.
5. Жетістіктері мен үздік тәжірибелері
Білім беру жетістіктері:
- «Алтын белгі» иегерлері: 1.
- Грант иегерлері: 3.
Олимпиадалар, байқаулар:
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалары конкурсы, облыстық кезең: 2 орын — 1, 3 орын — 3.
- 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» Республикалық зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар конкурсы, облыстық кезең: 3 орын — 2.
- Мектеп оқушылары арасындағы Т.Е.Даулетбаев атындағы өңірлік ғылыми-тәжірибелік конкурс: 1 орын — 2, 2 орын — 5, 3 орын — 6.
- «М.Мақатаев оқулары» сайысының облыстық кезеңі: 1 орын — 1, 3 орын — 1.
Тәрбие және патриоттық бағыттағы жобалар:
- «Біртұтас тәрбие», «Адал азамат» бағдарламалары.
Облыстық және республикалық бастамаларға қатысуы:
- Орыс тілі және әдебиеті пәндері мұғалімдеріне арналған облыстық семинар «Методика преподавания русского языка и литературы в совмещенных классах-комплектах малокомплектной школы», 2024 ж.
- Жас педагогтерге арналған «Кәсіби өсу жолы: жас педагогтерге әдістемелік көмек» тақырыбындағы аудандық семинар, 2024 ж.
- «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы, 2024 ж.
- «Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы, 2026 ж.
Мектептің инновациялық тәжірибелері:
- Интерактивті тақталарды, онлайн-платформаларды және электрондық күнделіктерді пайдалану.
- Жобалық оқыту мен сыни тұрғыдан ойлауды енгізу.
- Оқушының қабілеттерін ескере отырып, әр балаға жеке тәсіл.
- XXI ғасыр дағдыларын дамыту: шығармашылық, коммуникация, командалық жұмыс.
- Оқушылардың қалалық, облыстық және халықаралық конкурстар мен бағдарламаларға қатысуы.





