1. Жалпы мәліметтер
- Ұйымның толық атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданы білім бөлімінің М.Дулатов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
- Заңды мәртебесі: мектеп
- Меншік нысаны: мемлекеттік ұйым
- Құрылған жылы: 1964 ж., тамыз
2. Геолокация және байланыс деректері
- Нақты пошталық мекенжайы: индекс 110015, М.Дулатов көшесі, 14
- Ресми веб-сайты: https://m-dulatov.edu.kz/
- Байланыс деректері: 87145930680, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
3. Атаулы мәртебесі
- Білім беру ұйымына берілген көрнекті тұлғаның аты-жөні: Міржақып Дулатов
-
Тұлға туралы қысқаша өмірбаяндық мәлімет:
Міржақып Дулатұлы (1885–1935) – қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, публицисті, ағартушысы және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының белсенді өкілдерінің бірі.
Ол 1885 жылы 25 қарашада Торғай өңірінде дүниеге келген. Жастайынан білімге ұмтылып, ұстаздық қызмет атқарған. Қазақ халқын білім алуға, өнер мен ғылымға ұмтылуға, ұлттық сананы оятуға үндеген.
Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы халық арасында кең таралып, ұлттық рухтың көтерілуіне үлкен ықпал етті. Оның «Бақытсыз Жамал» романы қазақ әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі саналады. Сонымен қатар ол өлең, әңгіме, мақала және оқу-ағарту бағытындағы еңбектер жазған.
Міржақып Дулатұлы Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан сынды Алаш қайраткерлерімен бірге қазақ халқының бостандығы, білімді болуы және ұлттық мемлекеттілігі жолында еңбек етті. «Қазақ» газетінің жұмысына белсене араласып, халықтың саяси және рухани сауатын арттыруға үлес қосты.
Кеңестік саяси қуғын-сүргін кезінде тұтқындалып, 1935 жылы 5 қазанда Соловки лагерінде қайтыс болды. Кейін толық ақталды.
Міржақып Дулатұлының өмірі мен мұрасы – білімге ұмтылудың, елге қызмет етудің, отансүйгіштік пен ұлттық рухтың жарқын үлгісі. Сондықтан оның есімінің білім беру ұйымына берілуі жас ұрпақты білімділікке, елжандылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеуде ерекше мәнге ие. - Атау беру туралы растайтын құжаттар: Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі № 1, 05.09.1992 ж. хаттамасы
- Атау берілген күні: 05.09.1992 ж.
4. Тарихи анықтама
- Мектеп салынған жылы: 1964 жыл
- Міржақып Дулатов есімін беру: Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1992 жылғы 05.09 күнгі №1 бұйрығы
- Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің «Мыржақып Дулатов атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне атауын өзгерту туралы: 23.05.2006 жылғы №127 бұйрық
- «Мыржақып Дулатов атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесін «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының Мыржақып Дулатов атындағы «Жалпы білім беретін мектеп» коммуналды мемлекеттік мекемесіне атауын өзгерту туралы: 05.01.2021 жылғы №8 бұйрық
- Мектеп – аймақтық маңызды оқу орны болып табылады, сапалы орта білім беруді және өскелең буынды тәрбиелеуді қамтамасыз етеді.
5. Жетістіктері мен үздік тәжірибелері
Білім беру жетістіктері:
- «Алтын белгі» иегерлері – 3, «Үздік аттестат» иегерлері – 7
- Грант иегерлері – 20
Олимпиадалар, байқаулар:
- «Кітап оқитын ұлт» жобасы — елімізде тұрақты әрі жүйелі оқу мәдениетін қалыптастыруға, халықтың сыни және талдамалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастамаға қатысып жақсы нәтижелерге жеттік: 7 сынып оқушысы Серік Айша, 8 сынып оқушысы Арғынтай Жания және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Омарова Гүлназ Абдоллақызы — 1-орынға ие болды.
- «Тұлпар мініп, ту алған!» жобасы аясында «Алпамыс батыр» жырын мектеп оқушылары жаттап, мектепішілік кезеңде үздік болған екі оқушымыз (8 сынып оқушылары Бегалы Ұлпа мен Төлеген Замира) аудандық кезеңінен 2-орынға ие болды. Жетекшісі: Балғина Айзада Ғазезқызы.
- Кеңшілік Мырзабеков атамыздың 80 жылдығына орай ауданымызда ұйымдастырылған «Кеңшілік оқулары» шығармашылық жастар байқауында 9 сынып оқушысы Серікқызы Назерке бас жүлдені жеңіп алып, сертификатқа ие болды. Жетекшісі: Балғина Айзада Ғазезқызы.
- «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының «Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша аудандық кезеңде 1-орынға, облыстық кезеңде 3-орынға ие болды, жетекшісі Баекина Майра Танаткановна алғыс хатпен марапатталды.
- Жалпы білім пәндері бойынша республикалық химия пәнінен 10 сынып оқушысы Дильнара аудандық кезеңінен 1-орын алып, облыстық кезеңнен сертификатқа ие болды, 8 сынып оқушысы Шайынғазы Нұрдана аудандық кезеңнен 1-орын алып, алдағы оқу жылына облыстық кезеңге жолдама алды, жетекшісі Фазылова Динара Сабитовна.
- Ағылшын пәнінен 8 сынып оқушысы Бегалы Ұлпа ғылыми жобада аудандық кезеңнен 1-орын алып, облысқа жолдама алды, жетекшісі Қожахмет Гүлім Жомартқызы.
- «Наурыз АРТ» балалар бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер номинациясы бойынша Серікқызы Назерке аудандық кезеңнен 1-орын алып, облыстық кезеңде 3-орынға ие болды, жетекшісі Жусупова Куаныш Утешовна.
- Астана қаласында Қазақстан волейбол федерациясының ұйымдастыруымен болған волейбол жарысында 10-11 сынып оқушылары 3-орынға ие болды. «Ең үздік ойыншы» номинациясын 11 сынып оқушысы Жарқынбек Максат, «Үздік қорғаушы» номинациясын 11 сынып оқушысы Тайман Қайнар иеленді, жетекшісі Қасымов Руслан Қайырбекұлы алғыс хатпен марапатталды (осы оқушылардың баруына ықпал жасап демеушілік жасаған ата-аналарға алғысымыз шексіз).
- «Сөз мерген» дебат клубының оқушылары Ерболатқызы Айсел, Алмат Еркенұр, Сәбитбек Бекзат Республикалық пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңінен жүлделі 1-орынға ие болып облысқа жолдама алды. Облыстан 11 сынып оқушысы Ерболатқызы Айсел "Ең сенімді ойыншы" номинациясына ие болды. Аудандық кезеңнен жүлделі 1-2 орындарды иеленіп жүр. Жетекшісі Жусупова Қуаныш Утешовна.
Әдістемелік шаралар:
- Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған гуманитарлық пәндер бойынша аудандық семинар ұйымдастырылып, аудан мұғалімдерімен тәжірибе алмастық.





