Жалпы мәліметтер
- Ұйымның толық атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
- Заңды мәртебесі: мектеп
- Меншік нысаны: мемлекеттік ұйым
- Құрылған жылы: 1988 ж.
Геолокация және байланыс деректері
- Нақты пошталық мекенжайы: 110110, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Пришкольная көшесі, 1А үй
- Ресми веб-сайты: https://ubagan.altynsarinroo.edu.kz/
- Байланыс деректері: 8-(71445) 34126, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Атаулы мәртебесі
- Білім беру ұйымына берілген көрнекті тұлғаның аты-жөні: Ыбырай Алтынсарин
-
Тұлға туралы қысқаша өмірбаяндық мәлімет:
Бүкіл ғұмырын қазақ балаларын оқытуға, мектеп ашуға сарп еткен Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысы Қостанай ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Ибрагим.
Бала Ыбырай үш жасқа толғанда әкесі Алтынсарыдан айырылады. Осыдан кейін туған атасы, сол кездегі белгілі би, рубасы Балқожа Жаңбыршыұлының қолында тәрбиеленеді.
Немересінің білім алғанын қалаған атасы тамыр-танысының көмегімен Ыбырайды Орынбордағы Шекара комиссиясы жанынан ашылған мектепке жаздырады. 1850 жылы 22 тамызда Ыбырай сол мектепке алғашқы 30 баланың бірі болып қабылданады.
Балғожа би немересін кішкентайынан адалдыққа, тапқырлыққа, турашылдыққа, шешендікке баулыған. Өзімен бірге жиын-тойларға ертіп, билік айтқызып, қанатын қатайтқан. Ыбырай жасынан зерек болып, алғырлық танытып, көпшілік құрметіне бөленіп өседі.
1857 жылы жазда Ыбырай Орынбордағы мектепті үздік тәмамдап шығады. Осыдан кейін екі жылдай атасы Балқожа бидің хатшысы болып жұмыс істейді. Кейін Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаш болып қызметке алынады.
1864 жылы 8 қаңтарда Торғай жерінде алғашқы мектебін ашты.
1868 жылы Торғайдағы қазақ мектебі бір класстық орыс-қазақ училищесі болып қайта құрылды. Сол жылы Ырғыз қаласында екі класстық орыс-қазақ училищесі ашылады.
1869 жылы ол уезд бастығының аға жәрдемшісі болып тағайындалды. 1871 жылдар аралығында Торғай уезінің судьясы болып жұмыс істеді.
1874 жылы орыс географиялық қоғамына мүше болып сайланды. 1875-1876 жылдары Орынбор, Қазан, Петербург қалаларына сапар шегіп, ол жақтан оқушыларға қажет әдістемелік және тағы басқа кітаптар әкеліп, ағартушылық ісіне қызу кіріседі.
1879 жылы 1 қыркүйекте Торғай облысындағы мектептердің инспекторы болып тағайындалды.
Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларын білім нәрімен сусындатуға асықты. Осы арманын жүзеге асыру үшін облыстық басқармаға мектеп ашу туралы өтініштер жіберді. Ақыры 1860 жылы облыстық басқарма Алтынсаринге Торғайдан қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырды, әрі өзін сол мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады.
Бірақ, жергілікті үкімет Алтынсаринге қол ұшын соза қоймады, сөйтіп мектеп ашу ісі ұзаққа созылды. Ыбырайдың армандаған мектебі араға төрт жыл салып, 1864 жылы 8 қаңтарда Торғай жерінде салтанатты түрде ашылды. Бұл ұлт ұстазы негізін қалаған алғашқы білім ордасы еді.
Тарихи анықтама
- 1988 жылы Обаған орта мектебі болып ашылды.
- 1998-2004 жылдар аралығында бастауыш мектебі болып қалды.
- 2005 жылы «Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің мектеп жанындағы интернатымен Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі» мемлекеттік мекемесі болып атауы өзгертіліп, аралас мектеп болып қайта ашылды.
- 2012 жылдан бастап қазақ мектебі болды.
- 08.01.2021 жылы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып атауы қайта өзгертілді (Бұйрық № 6, 2021 жылғы 11 қаңтар).
- 2013-2014 оқу жылында мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жасалды.
Жетістіктері мен үздік тәжірибелері
-
Үш жылдық білім беру жетістіктері:
- «Алтын белгі» иегерлері – 1
- «Үздік аттестат» иегерлері – 4
- Грант иегерлері – 19
Олимпиадалар мен байқаулар:
- «World of Best» Республикалық дамыту орталығы «Менің Қазақстаным» байқауы – 1 орын;
- Екі оқушы Республикалық IQanat-2023 аудандық, облыстық жеңімпаздары, республикалық деңгейге қатысушылар (математика пәні);
- «Міржақып Дулатұлы – ұлт мақтанышы» облыстық байқауы – 3 орын;
- Ауыл олимпиадасының облыстық кезеңі – 3 орын (2025 жыл);
- Ауыл олимпиадасының республикалық кезеңі – 1 орын, SDU гранты (2026 жыл);
- Әлеуметтік жоба бойынша 1 оқушымыз Қостанай облысынан іріктелген 3 оқушының бірі болып Алматыға жолдама алып, республикада жеңімпаз атанды, грант берілді (2025 жыл);
- «Almaty Physics Battles 2025» I халықаралық турнирінің қорытынды кезеңіне (28 қараша – 1 желтоқсан, «Baiterek School of Science and technology» мектебі) мектептен бір оқушы қатысып, сертификатпен марапатталды (2026 жыл);
- Екі оқушы І.Жансүгіров, М.Мақатаев оқуларына қатысып, облыстық кезеңнен 2, 3-орындарды иеленді (2026 жыл);
- Тағы да екі оқушымыз Әбіш оқуларынан облыстық кезеңнен 2, 3-орындарды иеленді (2026 жыл);
- Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында математика пәнінен облыстық кезең – 2 орын;
- Екі оқушымыз облыстық Философиялық олимпиададан ағылшын тілі пәнінен 2-орындарды иеленді (2026 жыл);
- 3 оқушымыз облыстық «21-ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынынан 2, 3-орындарды иеленді;
- Спорттық жарыстар: бір оқушымыз облыстық чемпионатта 7-8 сыныптар арасындағы «бес асық» жарысынан 2-орын иеленді;
- Оқушыларымыз облыстық еркін күрестен 3-орындарды иеленді;
- 2011-2013 жылғы жас аралығында өткен облыстық еркін күрес чемпионатынан 4 оқушымыз жүлделі 1, 2, 3-орындарды иеленді.
Тәрбие және патриоттық бағыттағы жобалар:
- «Біртұтас тәрбие», «Адал азамат» бағдарламалары.
Облыстық және республикалық бастамаларға қатысуы:
- Бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық семинары «Құндылықтар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында, 2024 ж.;
- «Құндылыққа негізделген білім беру мен тәрбие» тақырыбындағы облыстық семинар, 2024 ж.;
- «Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы, 2026 ж.;
- XXI ғасыр дағдыларын дамыту: шығармашылық, коммуникация, командалық жұмыс;
- Оқушылардың қалалық, облыстық және халықаралық конкурстар мен бағдарламаларға қатысуы.





