Жалпы мәліметтер
- Ұйымның толық атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ
- Заңды мәртебесі: мектеп-гимназия-интернат
- Меншік нысаны: мемлекеттік ұйым
- Құрылған жылы: 1884 жыл
Геолокация және байланыс деректері
- Нақты пошталық мекенжайы - индекс: 110015, Алтынсарин көшесі, 118
- Ресми веб-сайты: http://shodaltynsarin.edu.kz/
- Байланыс деректері: 87142545694, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Атаулы мәртебесі
- Білім беру ұйымына берілген көрнекті тұлғаның аты-жөні: Ыбырай Алтынсарин
-
Тұлға туралы қысқаша өмірбаяндық мәлімет:
Ыбырай (Шын есімі - Ибраһим) Алтынсарин 1841 жылы 2 қарашада Николаев уезінің Арақарағай болысында туған (қазіргі Қостанай облысының Алтынсарин ауданы). Орта жүздің қыпшақ руынан шыққан. Ыбырай әкесінен ерте айрылып, 4 жасынан атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өседі. Шешесі Аймен - орта жүз арғын руынан шыққан белгілі батыр Шақшақ Жәнібек Қошқарұлының ұрпағы, Шеген бидің қызы. 1850 жылы Балғожа би Ыбырайды Орынбор шекара комиссиясының жанынан ашылған мектепке береді. Жаңа ашылған мектепте 30 бала, олардың ішінде 9 жасар Ыбырай да бар еді. 1857 жылы мектепті «Өте жақсы» деген бағамен бітірді. 1857-1859 жыл аралығында атасы Балғожа бидің хатшысы болды. 1860 жылы облыстық үкімет Ыбырайға Орынбор бекінісінде (Торғайда) қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырып, оны орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады. Ол мектеп 1864 жылы 8 қаңтарда салтанатты түрде ашылып, 16 оқушы қабылдайды. Ы. Алтынсарин Торғай уезінің басқармасында іс жүргізуші ретінде жұмыс істеді, уезд бастығының үлкен көмекшісінің, уақытша уезд сотының міндетін атқарды.
1874 жылы орыс географиялық қоғамына мүше болып сайланды. 1876-1879 жылдары Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі болды. 1879 жылы инспектордың міндетін атқарушы болды.
1883 жылы Алтынсарин отбасымен Торғайдан Қостанай қаласына көшті. Қаладан 2-3 шақырым жердегі кішкене көлдің жағасына бір қабатты ағаш үй салып, өмірінің аяғына дейін сонда тұрды. Бүгінгі күнге дейін тұрғындар оны «Инспектор көлі» деп атайды.
1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды. 1884 жылы Қостанайда екі жылдық орыс-қазақ училищесін ашуға тікелей ат салысты.
Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөлді. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ашты. Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды.
1879 жылы «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» және «Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне үйретудің басты басшылығы» атты 2 оқу құралы жарыққа шықты.
Ыбырай Алтынсарин 1889 жылдың 17 шілдесінде, 48 жасында "Инспектор көлі" жағасындағы үйінде ұзаққа созылған дерттен қайтыс болды. - Атау берілген жылы: 1960 жыл
Тарихи анықтама
-
Ұйымның құрылу және даму тарихы:
- 1884 жылы мектеп ашылып Троицкідегі орыс-қазақ екі сыныптық училищесі Қостанайдағы ғимаратқа көшірілді;
- 1897 жылы училище жанынан педагогикалық сынып ашылды;
- 1908 жылы екі жылдық педагогикалық курс интернаты болып өзгертілді;
- 1917 жылдан бастап қазақ балалар коммунасы бастауыш болып өзгертілді;
- 1923 жылдан кейін жеті жылдық болып өзгертілді;
- 1931-1936 жылдары бұл жерде өлкелік милиция мектебі ашылды;
- 1933 жылы мектепке Левон Мирзоян есімі берілді;
- 1938 жылы Жамбыл Жабаев атындағы №1 орта мектеп-интернаты деген атау берілді;
- 1943 жылы мектеп ғимаратында 1939 жылы облыста ашылған мұғалімдер институтының оқу бөлімі орналасты;
- 1950-ші жылдары мектеп-интернаттың ескі ғимаратында жетім балалар мен шалғай аудандардың балалары білім алды, ал оқу корпусына №13 қазақ орта мектебі (№22) орналасып, онда қалада тұратын балалар оқыды;
-
Қалыптасу кезеңдері:
- 1960 жылы орта мектеп Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ мектеп-интернаты болып өзгертілді. Арада бес жыл өткен соң № 22 орта мектеп № 1 мектеп-интернатымен біріктірілді.
- 1992 жылы мектеп Ы.Алтынсарин атындағы мектеп педагогикалық лицей болып қайта құрылды;
- 1994 жылы Ы. Алтынсарин атындағы №1 педагогикалық лицей-интернаты болып аталды;
- 2000 жылы Ы. Алтынсарин атындағы №1 педагогикалық лицей-интернатына 1997 жылы мемлекеттің дарынды балаларға арналған мектептерді ашу туралы бұйрығына сәйкес «Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» атағы берілді;
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының Әділет департаменті Қостанай қалалық Әділет басқармасында 2019 жылдың 4 желтоқсан айынан бастап қайта тіркеуден өтіп, «Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» атауын алды;
- 2022 жылы мектеп-интернатқа «гимназия» атауы беріліп, мектеп «Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия-интернаты» болып қайта тіркелді;
-
Өңірдің білім беру және тәрбие кеңістігіндегі үлесі:
- 1971 жылы 11 ақпандағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Балаларды тәрбиелеуде жеткен жетістіктері үшін Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
- Мектептің басты жетістіктерінің бірі – қоғамға пайдалы, білімді де білікті тұлғаларды тәрбиелеуі. Аталған білім ордасынан шыққан Мұхамеджан Сералин, Бейімбет Майлин, Спандияр Көбеев сынды зиялы қауым өкілдері қазақ журналистикасы мен әдебиетінің дамуына зор ықпал етті. Ал Ілияс Омаров, Әмір Қанапин сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері елдің мәдени және саяси өмірінде маңызды рөл атқарды. Сонымен қатар, Серәлі Қожамқұлов пен Елубай Өмірзақов ұлттық театр өнерінің қалыптасуына үлес қосып, қазақ мәдениетін жаңа деңгейге көтерді.
- Мектеп қабырғасынан шыққан ғалымдар – Темірбай Дарқанбаев, Аманжол Күзембайұлы, Қалқаман Жақып, Жангелді Отарбаев, Қабдеш Наурызбаев, Әбілфайыз Ыдырысов – ғылымның әртүрлі саласында табысты еңбек етіп, ел ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Ал Беген Көпешұлы сияқты білікті басшылар өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне ықпал етті.
Жетістіктері мен үздік тәжірибелері
- Білім беру жетістіктері: соңғы үш жылда «Алтын белгі» – 9 білім алушы, «Үздік аттестат» – 14 білім алушы
- Гранттар: соңғы үш жылда 114 түлек грант иегері атанды
Олимпиадалар мен байқаулар:
- Мектебіміз үш жыл қатарынан 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары Республикалық «100 үздік олимпиадалық мектеп» рейтингісіне енді.
- 2025 жылы қыркүйек айында Қостанай облысының «үздік мектептік ғылыми қоғамы» мәртебесін алды.
- 2026 қаңтар айында пәндік олимпиада көрсеткішінің сапасы бойынша Облыста бірінші орынға шықты – 96%.
-
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың Республикалық кезеңі:
- 2023-2024 оқу жылы – І орын - 1, ІІ орын - 1, ІІІ орын - 1 (Атырау қ.)
- 2024-2025 оқу жылы – ІІ орын - 1, ІІІ орын - 2 (Қарағанды қ., Орал қ.)
- 2025-2026 оқу жылы – ІІ орын - 1, ІІІ орын – 2 (Тараз қ., Шымкент қ.)
-
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының Республикалық кезеңі:
- 2023-2024 оқу жылы – І орын - 1, ІІ орын - 1, ІІІ орын – 2 (Тараз қ.)
- 2024-2025 оқу жылы – ІІІ орын – 1 (Ақтөбе қ.)
- 2025-2026 оқу жылы – ІІІ орын – 2 (Астана қ., Қарағанды қ.)
- 11-сынып оқушыларына арналған "Әл-Фараби" Халықаралық олимпиадасы – ІІІ орын – 2 (Алматы қ.)
- Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Халықаралық физика олимпиадасы – ІІІ орын (Қарағанды қ.)
- Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша Халықаралық зерттеу жобаларының конкурсы – ІІІ орын (Алматы қ.)
- «ROBOLAND-2023» VIII Халықаралық роботехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі – ІІІ орын (Қарағанды қ.)
- Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Ясауи» Республикалық олимпиадасы – ІІІ орын (Түркістан қ.)
-
Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен Республикалық олимпиадасы:
- 2022-2023 оқу жылы: І орын - 1, ІІІ орын - 1.
- 2024-2025 оқу жылы: І орын - 1, ІІІ орын - 1.
- Республикалық «Қазақстан Білім Олимпиадасы» – ІІІ орын - 3.
- Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасы – ІІ орын.
Педагогтердің кәсіби байқаулар мен конкурстарына қатысуы:
- 2022 жыл – Тасанова Г.М., қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Үздік педагог» республикалық конкурсы, І орын;
- 2023 жыл – Абдигалиев Н.У., дене шынықтыру пәні мұғалімі, «Дене тәрбиесінің үздік мұғалімі» республикалық байқауы, Гран-при;
- 2023 жыл – Тасанова Г.М., қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы, І орын;
- 2024 жыл – Сейдахметова Г.С., көркем еңбек пәні мұғалімі, «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы, ІІ орын;
- 2024 жыл – Зулгариев Р.Д., тарих пәні мұғалімі, «Дарынды балаларға талантты ұстаз» республикалық байқауы, І орын;
- 2025 жыл – Саин Д.А., көркем еңбек пәні мұғалімі, «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы, І орын;
- 2026 жыл – Абдигалиев Н.У., дене шынықтыру пәні мұғалімі, «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы, І орын.
Төсбелгілер мен медаль иегерлері туралы ақпарат:
- Мектебімізде 9 педагог жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған.
-
5 мұғалім «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегерлері:
- Еришова А.А. – математика пәні мұғалімі (2018 ж.)
- Келинбердиева Ы.С. – тарих пәні мұғалімі (2019 ж.)
- Байтасова Б.Ш. – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (2020 ж.)
- Жумагулова Қ.Ж. – химия пәні мұғалімі (2021 ж.)
- Булекбаева Ж.С. – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (2026 ж.)
-
3 педагог «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған:
- Туралина Р.М. – тарих пәні мұғалімі (2013 ж.)
- Еслямгалиева З.С. (2025 ж.)
- Сейткожина Ш.К. – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (2026 ж.)
- 2024 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нугуманов А.К. Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 4 қазандағы Жарлығына сәйкес «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болды.
- Интернат тәрбиешісі Самратова У.М. 2026 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Тәрбие және патриоттық бағыттағы жобалар:
- Мектептің тәрбие үдерісі «Үштік одақ: оқушы, ата-ана, мұғалім» негізінде қалыптасқан. Барлық іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен жүзеге асырылады. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын басшылыққа ала отырып мектепте сыныптық және мектепішілік жобалар жүзеге асырылып келеді. Олар: «Cooking Club», «Ұлттық қолөнер», «Туған елге тағзым», «ЭкоДарын», «Мамандықтың бәрі жақсы», «Аялы алақан», «100 кітап», «Кітап оқитын мектеп» жобалары.
Облыстық және республикалық бастамаларға қатысуы:
- 2025 жылғы 26 ақпанда Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында «Мұғалімдер арасында зерттеу мәдениетін дамыту» тақырыбында облыстық шебер-сынып өткізілді.
- 2025 жылғы 22 сәуірде аталған мектеп базасында «Мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу қызметі: әдістер және табысты тәжірибелер» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.
- 2026 жылғы 13 ақпанда «Цифрлық дәуірдегі адал азамат: мектептегі тәрбие мен технологияның сабақтастығы» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді.
Мектептің инновациялық тәжірибелері:
- 2021–2024 жылдары Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп Lesson Study және Action Research әдістері негізінде зерттеу жұмыстары жүргізілді.
- 2023 жылы Астана қаласында өткен «Рефлексивті тәжірибеден тұрақты басшылыққа» атты ұлттық конференцияда, ал 2024 жылы «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылыс» атты халықаралық конференцияда педагогтар Lesson Study бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.
- 2025 жылы мектептің зерттеу тәжірибесі Жапонияда өткен WALS халықаралық конференциясында ұсынылып, халықаралық деңгейде жоғары бағаланды.
- Мектеп дәстүр бойынша жыл сайын өңірлік жоғарғы оқу орындары, колледждер мен мектептер арасында "Ybyrai CUP" турнирін және БҰҰ бағдарламасы отырысының модельдеу конференциясын ұйымдастырады.





