ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ЖОЛЫ

Жалпы мәліметтер

  • ұйымның толық атауы - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  • заңды мәртебесі - жалпы білім беретін мектеп
  • меншік нысаны - мемлекеттік;
  • құрылған жылы - 2001

Геолокация және байланыс деректері

  • нақты пошталық мекенжайы - 111700, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылдық округі, Әйет ауылы, Е.Омаров көшесі, 3 үй.
  • ресми веб-сайты - https://saparaergalieva-mailin.edu.kz/kk/
  • байланыс деректері - 87143636568, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Атаулы мәртебесі

  • Білім беру ұйымына берілген көрнекті тұлғаның аты – Сапар Ерғалиев
  • тұлға туралы қысқаша өмірбаяндық мәлімет:

    Сапар Ерғалиұлы 1914 жылы 1 тамызда Торғай өлкесінің Тосын ауылында орта шаруа отбасында туған. Әкесі Ерғали Ақталиұлы орта шаруа адамы еді. Сапар Ерғалиұлы 6 жасқа келгенде әкесі қайтыс болды. Анасы жалғыз баласын ештеңеден жоқшылық көрсетпеу үшін жұмыс істеді. Шешесімен басқа туыстары 1930 жылы тұрмыстың қиын уақытында Тосын бойынан Таран ауданының Шегебай ауылындағы Қайранкөл кеңшарына көшіп келеді. Онда да жағдайлары болмаған соң екі ағайында жігіттер Сапар мен Айтұмқан отбасымен Тобол бойындағы Әулиекөл ауданының Степной ұжымына көшіп келіп, жұмысқа орналасты. Екі үйдің отбасы осы ұжымдағы мал шаруашылығында еңбек етті. Мал шаруашылығында Сапар атамыздың алғашқы еңбек жолы басталды. Сапар ата пішен дайындап, мал бақты. Анасы сауыншы атанды, ол кісі ауыр тұрмысты көтере алмады ма, ауырып қайтыс болды. Ондағы ауыл тұрғындары аяулы жанды соңғы сапарға шығарып салып, баласына қамқорлыққа алады.

    Жасынан еңбек етуді үйренген, жұмыста шаршағандығын сезбей мал бағып, пішенді орып, мал азығын сиырмен немесе өгіздермен тасып жеткізді. Бұл жауапты, адал ниетімен жұмыс істейтін, қай іске кіріссе де, барлық жұмыста байсалдылықпен, енбекқорлықпен ерекшеленген. Осылайша 10 жасынан еңбекке араласып, барлық қостанайлықтардың құрметіне айналған азамат, өмірдің барлық ауыртпалықтарына төзе білді. Таран ауданының басшылары 1935 жылы Сапар Ерғалиұлын зоотехникалық курсқа оқуға жіберді. Ол курсты үздік бітіріп, 1936 – 1940 жылдардың аралығында өзінің алған білімі мен тәжірибесін сол ұжымдарда мал басын көбейтуге арнады. Қоржынкөл, Жамбаскөл, Сабынкөл, Степной колхоздарында зоотехник болды. Ол уақытта мал шаруашылығындағы барлық жұмыс қолмен істелінетін. 1938 жылы КСРО ауылшаруашылығы өнiмінiң жақсы өндiрушiлерiмен бiрге Москва Бүкiлодақтық көрмеге қатысу үшiн ұсынылып, Мәскеудегі Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне Қостанай облысының делегаттарымен бірге қатысты. Ол жақтан кеудесіне медаль тағып, сыйлықтармен оралды. 1941 – 1942 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, денсаулығына байланысты 1943 жылы наурызда ауылына қайтып келеді. Іскер азаматты Таран аудандық партия комитетінің бюросы артта қалған «Жалшы» колхозына басқарма төрағасы етіп бекітті. 1943 – 1944 жылдары Таран ауданының «Жалшы» ұжымшарын басқарды.

    1945 – 1946 жылдары Таран ауданының партия комитеті Сапар Ерғалиұлын аудандық атқару комитетінің төрағасының мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары етіп тағайындады. 1947 – 1953 жылдары Қоржынкөл ауылындағы Сталин атындағы колхозда басқарма және Аманқарағай кеңшарының бөлімшелерінде басқарушы қызметтерін аброймен атқарды.

    Содан кейін оны 1954 – 1958 жылдары Жалшы ауылындағы Чапаев колхозына басқарма төрағасы етіп бекітті. Оның қабілетіне сырттай қанық ауыл тұрғындары Сапар Ерғалиұлын қуанышпен қарсы алды.

    1956 – 1957 жылдары егін бітік шықты. Оны шашпай – төкпей жинап алды. Осы еңбегі үшін облыстық ауылшаруашылық басқармасы Мәскеудегі ауыл шаруашылық көрмесіне жолдама берді. Көрмеде алтын медальмен марапатталды. Чапаев атындағы колхоз Таран ауданында алдыңғы қатарынан көрінді. Ауылшаруашылығының білікті маманы дәрежесіне көтерілді. Сөйтіп, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Содан соң 1959 жылы Аманқарағай кеңшарына директор болып тағайындалды. Кейін осы ұжым Вачасов кеңшарына айналып, отыз жылға жуық жемісті қызмет атқарды.

    1967 жылдың қазан айында Павлов ауылында орналасқан «Аманқарағай» ет совхозі Г.Д. Вачасов атындағы совхоз деп қайта аталды. 1961 жыл ішінде колхоз совхозға ауысты. Басшы етіп Жалшы ауылдан Сапар Ерғалиұлы Ерғалиевты жіберді. 1959 – 1987 жылдары Таран ауданының Вачасов атындағы кеңшарының тұрақты басшысы қызметін атқарды.

    Ауылшаруашылық өндiрiсiнің дамуына зор үлес қосқан С. Е. Ерғалиев «Қазақстанның ауылшаруашылығына еңбегі сіңген қызметкері» құрмет атағына ие болды, марапатына лайықты, Ленин, Қазан төңкерiсі және үш Еңбек Қызыл туы ордендерiмен марапатталды.

    1970 жылы Сапар Ерғалиұлы - Қаз.ССР, Ауылшаруашылыққа еңбегi сіңген қызметкер атағына ие болды. 1957, 1966, 1981 жылдары берілген Үш Еңбек Қызыл туы ордендері, Вачасов атындағы кеңшарының ұжымының және оның директоры С.Е.Ерғалиевтың зор еңбегін лайықты бағаланғанының дәлелі. 1971 жылы В.И.Ленин орденімен марапатталды. Бұдан басқа Қазан төңкерiсінiң орденiмен марапатталды. «Қажырлы еңбек» медальмен «В.И.Ленин 100 жасқа толу мерейтойының құрметі», медальімен «1941-1945 жылдары Германияны Ұлы Отан соғысындағы жеңісі» медальімен, сонымен бiрге «Тың жерлерін игергенi үшін» медальмен марапатталды.

    Халықтың қамқоршысы, елдің беделді ақсақалы Сапар Ерғалиұлы 1996 жылы 10 наурызда қайтыс болды.
  • атау беру туралы растайтын құжаттар:
    • Таран ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы №31 қаулысымен мектеп атауы қайта өзгертілді «Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы орта мектебі» КММ
    • Атау берілген күні – 29.01.2018ж

Тарихи анықтама

  • Мектептің ашылу тарихына тоқталатын болсақ, Таран ауданының Таран селолық округінде қазақ мектебі алғашқы рет өз есігін 2001 жылдың 1 қыркүйек күні «Таран қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ретінде ашылды.
  • Жеке мектеп ашылмай тұрғанда, 1997 жылдан бастап мемлекетттік тілде оқитын сыныптар Б.Майлин атындағы Таран орта мектебінің құрамында болды.
  • «Таран қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі Таран ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 16 маусымындағы № 93 қаулысымен заңды тұлға ретінде құрылды.
  • Мектеп «Б.Майлин атындағы Таран орта мектебінің» 2 қабатты бейімделген ғимаратының бір бөлігінде орналасты, сол ғимаратта оқу үрдісінде қажетті бөлмелер мен оқу кабинеттері болмады, яғни спорт зал мен акт залы, асхана, шеберханалар, және де оқу кабинеттері санитарлық нормаларға сай келмеді.
  • Мектеп өзінің алғашқы түлектерін 2002 жылы шығарды. Бейімделген ескі ғимаратта мектеп 11 рет түлектерін шығарып салды. Түлектер саны - 117.
  • Еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл мерейтойының қарсаңында, 2011 жылдың шілде айында, жаңа мектептің ірге тасы қаланды. 2012 жылдың тамыз айында мектеп ғимаратының салынуы аяқталды. 2012 жылдың 1 қыркүйек күні салтанатты түрде Таран ауданында мемлекеттік тілде оқытатын алғашқы жаңа мектеп ғимараты қолданысқа берілді.
  • Атаулардың өзгеріс тарихы:
    • Таран ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 130 қаулысымен «Таран қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі «Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ретінде қайта аталды.
    • Таран ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы №31 қаулысымен мектеп атауы «Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы орта мектебі» КММ болып өзгертілді.
    • Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 05 қаңтардағы №6 қаулысымен мектеп атауы – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ деп өзгертілді.
  • Мектеп директорлары:
    • 2001–2003 жж. — Сапабеков Сундетбай Сәлімжанұлы (2001 жылы 1 қыркүйегінде ашылған мектеп директоры)
    • 2003-2006 жж. — Досмухамбетова Сипат Ескалиқызы
    • 2006–2023 жж. — Мадибаев Аслан Избасарұлы
    • 2023 жылдың 12.10 күнінен бастап — Коскадамова Тамаша Шамелевна

Мектептің негізгі бағыттары:

  • білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етеді
  • сапалы білім береді
  • ұлттық және рухани тәрбие жүргізеді
  • білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, қоғамның дамуына үлес қосатын тұлғаларды тәрбиелейді.

Жетістіктері мен үздік тәжірибелері

Білім беру жетістіктері:

Халықаралық:

  • Қырғыстан қаласында өткен «Достық-2025» Тоғызқұмалақ ойыны: Ниязбек Ерқанат – 3 орын (жетекшісі Орынбай Т.О.)

Республикалық:

  • «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі: Жалғас Нұрдәулет – 1 орын (жетекшісі Сапабекова А.С.)
  • 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» республикалық конкурсының республикалық кезеңі: Дүйсебек Айша – сертификат (жетекшісі Бақыт Г.А.)
  • Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Махамбет оқулары» байқауы: Кадыров Алдияр – сертификат (жетекшісі Жортынбаева М.О.)
  • Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсы: Жалғас Нұрдәулет – Грамота, сертификат (жетекшісі Джаксылыкова Р.Д.)
  • Кадыр Мырза Әлиді еске алуға арналған Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасындағы ашық Республикалық турнир: Ниязбек Ерқанат, Мухамбетова Бану – 1 орын (жетекшісі Орынбай Т.О.)
  • Павлодар облыстық «Saryarqa samaly» газетінің жүлдесіне арналған Тоғызқұмалақтан XVI республикалық турнир: Ниязбек Ерқанат – 3 орын (жетекшісі Орынбай Т.О.)
  • Тоғызқұмалақтан Ұлттық мектеп лигасы 7-8 сынып (Астана қаласы): Кеңес Нұрмұхаммед, Ниязбек Ерқанат, Мухамбетова Бану – 1 орын (жетекшісі Орынбай Т.О.)

Облыстық:

  • 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі: Дүйсебек Айша – 1 орын (жетекшісі Бақыт Г.А.)
  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі: Аманбаева Жанерке – 3 орын (жетекшісі Кабылдина М.Д.), Мурзабаева Дария – 3 орын (жетекшісі Бимуратова А.И.)
  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі: Саукен Айару – 1 орын (жетекшісі Кулмагамбетова К.Ш.)
  • 7-8 сынып оқушылары арасында географиядан Ұлттық олимпиада ІІ қалалық кезеңі: Кадыров Алдияр – 3 орын (жетекшісі Акпанбетова А.К.)
  • «Geo Star» география пәнінен Ұлттық олимпиада: Сыбанкул Темирлан – 3 орын (жетекшісі Акпанбетова А.К.)
  • Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Махамбет оқулары» облыстық байқауы: Кадыров Алдияр – 1 орын (жетекшісі Жортынбаева М.О.)
  • Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» облыстық интеллектуалдық конкурсы: Жалғас Нұрдәулет – 2 орын (жетекшісі Джаксылыкова Р.Д.)
  • Айқанат олимпиадасы: Сыбанкул Темирлан – республикалық кезеңге өтті.
  • Бейімбет Майлиннің 130 жылдық мерейтойына орай Майлин оқулары: Ниязбек Ерқанат – 3 орын (жетекшісі Кабылдина М.Д.)
  • «Тобыл-Торғай» тұңғыштардың мекені Облыстық жас тұлпар айтысы: Берік Айару – 2 орын (жетекшісі Кабылдина М.Д.)
  • «Алаштың рухы-Міржақыптың жыры» аймақтық жас ақындар айтысы: Берік Айару – 2 орын (жетекшісі Кабылдина М.Д.)
  • «Желтоқсан оқулары-2024» халықаралық қатысумен ХІҮ өңірлік ғылыми-практикалық конференциясы: Мурзабаева Дария, Аманбаева Жанерке – 1 орын (жетекшісі Кулмагамбетова К.Ш.)
  • Облыстық «Дода» сайысы: Бас жүлде «Сапар ұрпақтары» – Абдирахимов Рахмотуллох, Берік Нұрнияз, Берік Айару, Газиз Алдияр, Ноянов Жаныбек (жетекшісі Кабылдина М.Д.)
  • 7-8 сынып оқушылары арасындағы Тоғызқұмалақтан облыстық мектеп Лигасы: Ниязбек Ерқанат, Мухамбетова Бану, Кеңес Нұрмұхаммед – 1 орын (жетекшісі Орынбай Т.О.)
  • Жас өспірімдер арасындағы чемпионат Классика: Ниязбек Ерқанат – 2 орын, Ниязбек Әділет – 3 орын (жетекшісі Орынбай Т.О.)

Аудандық:

  • 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» конкурсының аудандық кезеңі: Дүйсебек Айша – 1 орын (жетекшісі Бақыт Г.А.), Молдабекова Айбибі – 1 орын (жетекшісі Сапабекова А.С.), Уали Жанайым – 1 орын (жетекшісі Жумашева О.О.)
  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі: Аманбаева Жанерке – 1 орын, Алданова Тәубагүл – 1 орын, Жалғас Нұрдәулет – 1 орын; Серікбай Ғибрат, Мурзабаева Дария, Айтмағамбетова Әдемі, Шаяхметова Камила, Бектасова Сапура – 2 орын.
  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі: Бурбаева Арина, Бахытжан Дархан, Сыбанкул Темирлан – 2 орын; Жалғас Бақдәулет, Сансызбай Нұрайым, Жетписова Айзада – 3 орын.
  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі: Жумабаев Дидар, Ғазиз Алдияр – 2 орын; Еркін Рахат, Саукен Айару, Серікбай Мәди – 3 орын.
  • 7-8 сынып оқушылары арасында географиядан Ұлттық олимпиада І аудандық кезеңі: Кадыров Алдияр – 1 орын; Бектасова Сапура, Кеңес Нұрмұхаммед, Сыбанкул Темирлан – 2 орын.
  • Лингвистика олимпиадасы аудандық кезеңі: Жалғас Нұрдәулет – 1 орын (жетекшілері Жортынбаева М.О., Бимуратова А.И., Сапабекова А.С.)
  • Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» аудандық конкурсы: Жалғас Нұрдәулет – 1 орын, Джуманиязова Айткул – 2 орын (жетекшісі Джаксылыкова Р.Д.)
  • Жарқын болашақ олимпиадасы аудандық кезеңі: Бектасова Сапура – 1 орын; Сансызбай Нұрайым – 2 орын; Жалғас Бақдәулет, Адилова Ұлжан, Джуманиязова Айткул – 3 орын.
  • Ыбырай оқулары аудандық кезеңі: Джуманиязова Айткул – 3 орын (жетекшісі Жортынбаева М.О.)
  • Махамбет Оқулары аудандық кезеңі: Кадыров Алдияр – 1 орын; Айтмағамбет Әдемі, Нурманова Дилара, Мухамбетова Бану, Ниязбек Ерқанат – 2 орын.
  • Ақберен байқауы аудандық кезеңі: Бектасова Сапура, Бахытжанов Темирлан – 1 орын; Сансызбай Нұрайым – 3 орын.
  • «Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» байқауы: Каипова Алима, Берік Айару – 1 орын; Бектасова Сапура – 3 орын.
  • Мамандықтар әлемін ашамыз байқауы: Аманбаева Жанерке, Сансызбай Ануар – 1 орын; Кудайбергенова Айым, Джуманиязова Айткул – 2 орын; Айтмағамбетова Әдемі, Аяпберген Томирлан – 3 орын.
  • IQ Linguist интеллектуалды ойыны: Аманбаева Жанерке, Мурзабаева Дария, Тоқтасын Рамазан – 3 орын.
  • «Тәуелсіз Қазақстан өткенге немесе болашаққа бағдар» пікір сайыс турнирі: Джуманиязова Айткул, Сансызбай Нұрайым – 2 орын.
  • Педагогтердің жетістіктері: «Үздік авторлық бағдарлама-2024» республикалық конкурсы – Акпанбетова А.К. (3 орын); «Педагогикалық идеялар панорамасы» аймақтық кезеңі – Акпанбетова А.К., Жумашева О.О., Кабылдина М.Д., Кулмагамбетова К.Ш. (Сертификат); «Дарынды балаларға- талантты ұстаз» – Шайзада С. (3 орын); «Үздік педагог-2025» аудандық байқауы – Акпанбетова А.К. (1 орын); Аудандық «Үздік авторлық бағдарлама» – Акпанбетова А.К., Жумашева О.О. (1 орын), Бимуратова А.И. (2 орын); «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педогогы» аудандық кезеңі – Сапабекова Ж.Ж. (2 орын); Математика, физика мұғалімдері арасында «Мұғалім 4К» – Сапабекова А.С. (2 орын); «Үздік дене шынықтыру мұғалім-2025» – Орынбай Т.О. (3 орын); «Урок которым я горжусь» аудандық кезеңі – Каскадамов А.А. (2 орын).

Тәрбие және патриоттық бағыттағы жобалар:

  • «Адал азамат» бағдарламасы
  • «Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы
  • «Экологиялық мектеп» облыстық жобасы

Мектептің инновациялық тәжірибелері:

  • Мектепішілік «Білім беру процесінде жасанды интеллект: оқытудың болашағы» экспериментальтік алаңы.
  • Облыстық «Болашақ мұғалімдер» педагогикалық инновациялық алаңы.
Увеличенное изображение