ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ЖОЛЫ

1. Жалпы мәліметтер

  • Ұйымның толық атауы - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
  • заңды мәртебесі - мектеп
  • меншік нысаны - мемлекеттік ұйым
  • құрылған жылы- 1972 ж, тамыз

2. Геолокация және байланыс деректері

  • нақты пошталық мекенжайы - индекс 111200, 3 шағынаудан, 23 үй
  • ресми веб-сайты - https://schoollsk3.edu.kz/kz/
  • байланыс деректері - +7 (714-33) 3-29-60, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

3. Атаулы мәртебесі

  • Білім беру ұйымына берілген көрнекті тұлғаның аты-жөні – Абай Құнанбаев
  • тұлға туралы қысқаша өмірбаяндық мәлімет.
    Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845–1904) — қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушы, философ және композитор. 1845 жылы 10 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Шыңғыстау баурайында дүниеге келген. Тобықты руынан шыққан. Әкесі — Құнанбай Өскенбайұлы, өз заманының беделді аға сұлтаны болған. Алғаш ауыл молдасынан оқып, кейін Семейдегі Ахмет Риза медресесінде 3 жыл білім алды. Сонымен қатар орыс мектебінде де білім алған. Шын есімі — Ибраһим. Анасы Ұлжан мен әжесі Зере еркелетіп «Абай» (байқағыш, зерек) деп атап кеткен.
    Абайдың 170-ке жуық өлеңі бар. Ол қазақ поэзиясына жаңа өлшемдер мен формалар (мысалы, «Сегіз аяқ») енгізді. 45 бөлімнен тұратын философиялық трактаттар жинағы. Онда адамгершілік, ғылым-білім, тәрбие және ұлттық болмыс мәселелері терең талқыланады. «Ескендір», «Масғұд», «Әзім әңгімесі» сияқты туындылары белгілі. А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов шығармаларын қазақ тіліне шебер аударған. «Көзімнің қарасы», «Айттым салем, Қаламқас», «Желсіз tүнде жарық ай» сияқты классикалық әндердің авторы. Абайдың шығармашылығы — қазақ халқының рухани қазынасы және ұлттық болмысының айнасы болып саналады.
  • атау беру туралы растайтын құжаттар - Қостанай облысының әкімдігінің қаулысы № 509 21.11.2022 ж.
  • Атал берілген күні - 21.11.2022 ж.

4. Тарихи анықтама

  • Мектеп салынған жылы - 1972 жыл
  • Абай есімін беру, Қостанай облысының әкімдігінің 21.11.2022 ж. № 509 бұйрығы
  • Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің №3 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне атауын өзгерту туралы. 21.11.2022 жылғы №509 бұйрық.
  • Мектеп – аймақтық маңызды оқу орны болып табылады, сапалы орта білім беруді және өскелең буынды тәрбиелеуді қамтамасыз етеді.

5. Жетістіктері мен үздік тәжірибелері

Білім беру жетістіктері:

  • «Алтын белгі» иегерлері – 2, «Үздік аттестат» иегерлері – 3
  • Грант иегерлері – 29.

Олимпиадалар, байқаулар:

  • «Алтын түлек» атты Республикалық олимпиада 2 орын -1.
  • «Жарқын болашақ» атты Республикалық олимпиада 2 орын -1.
  • «Алтын Берен» атты Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі -3 орын -1.
  • 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» Республикалық зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар конкурсы, Республикалық кезең. 3 орын – 1.
  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына РО, облыстық кезең. 2 орын – 1.
  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына РО, облыстық кезең. 3 орын – 1.
  • Регионалдық ғылыми – практикалық конференция «Желтоқсан оқуы» 2,3 орын -3.
  • 3-4 сынып арасындағы «Бастау» атты математикалық олимпиада (облыстық кезеңі) -2 орын-1;
  • Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағулованың 100 жылдығына арналған Республикалық «Жас сарбаз» әскери патриоттық әндер және шығармашылық фестивалі (облыстық кезең) – 1 орын, 2026 ж.
  • Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағулованың 100 жылдығына арналған Республикалық «Жас сарбаз» әскери патриоттық әндер және шығармашылық фестивалі (республика кезеңі) – грамота, 2026 ж.

Тәрбие және патриоттық бағыттағы жобалар:

  • «Біртұтас тәрбие», «Адал азамат» бағдарламалары.

Облыстық және республикалық бастамаларға қатысуы:

  • Бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық семинары «Функционалдық сауаттылықты қалыптасыру құралы ретінде бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы замануи тәсілдер», 2024 ж.
  • Облыстық семинар «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сабақтардың коммуникативтік және ақпараттық ерекшеліктері», 2025 ж.
  • Жаратылыстану - математика пәндерінің облыстық семинары «Сабақ барысында әр түрлі цифрлық платформаларды пайдалану», 2025 ж.
  • «Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы, 2026 ж.
  • «Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы «Абай әлемі: ұлттық құндылықтар мен заман талабындағы жасанды интеллект мүмкіндіктері» атты облыстық семинар
  • Онайбаева Б.Б. – Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын Тұғыр» атты байқау, 3 орын, 2023 ж.
  • Акишева Ш.Б. - Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын Тұғыр» атты байқау, 3 орын, 2023 ж.
  • Ердавлетова А.М. – Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Педстарт» атты Республикалық қашықтық олимпиадасы - 2 орын, 2024 ж.
  • Кубенова Г.Ж. - Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Педстарт» атты Республикалық қашықтық олимпиадасы - 2 орын, 2024 ж.
  • Каррамова Л.К. - қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Педстарт» атты Республикалық қашықтық олимпиадасы - 3 орын, 2024 ж.
  • Ердавлетова А.М.- Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын Тұғыр» атты байқау, 2 орын, 2025 ж.
  • Мирзахметова М.А. – Қалалық
  • Башеева А.А. , Құмаров М.Қ. – «Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жоба аясында «Көңілім әнді ұғады» атты байқауы -1 орын, 2026ж.
  • Бердімұрат Нартай, Ғалымова А.А., Жумагулова Л.К. «Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жоба аясында «Көңілім әнді ұғады» атты байқауы -2 орын, 2026ж.

Мектептің инновациялық тәжірибелері:

  • Интерактивті тақталарды, онлайн-платформаларды және электрондық күнделіктерді пайдалану.
  • Жобалық оқыту мен сыни тұрғыдан ойлауды енгізу.
  • Оқушының қабілеттерін ескере отырып, әр балаға жеке тәсіл.
  • XXI ғасыр дағдыларын дамыту: шығармашылық, коммуникация, командалық жұмыс.
  • Оқушылардың қалалық, облыстық және халықаралық конкурстар мен бағдарламаларға қатысуы.
Үлкейтілген сурет