ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ЖОЛЫ

1. Жалпы мәліметтер

  • Ұйымның толық атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
  • Заңды мәртебесі: мектеп
  • Меншік нысаны: мемлекеттік ұйым
  • Құрылған жылы: 2007 ж, тамыз

2. Геолокация және байланыс деректері

  • Нақты пошталық мекенжайы: индекс 110900, Молодежный бульвар көшесі, 2 үй
  • Ресми веб-сайты: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • Байланыс деректері: 87144121319, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

3. Атаулы мәртебесі

  • Білім беру ұйымына берілген көрнекті тұлғаның аты-жөні: Мұхамеджан Сералин
  • Тұлға туралы қысқаша өмірбаяндық мәлімет:
    Мұхамеджан Сералин (1872-1929 ж.) – ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы, ақын, тұңғыш журналист, педагог. Мұхамеджан Сералин 1872 жылы Қостанай уезі Шұбар болысының №5 ауылында (қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылында) туған. Көрнекті жазушы, білікті журналист, қоғам қайраткері ретінде танылған Мұхамеджан 3 жасқа толғанда әкесі Сералы қожа қайтыс болады да, ауыр тұрмыс жағдайынан шешесі балаларын алып Троицкідеге туыстарына кетеді. Мұхамеджан Сералин 1880-1887 жылдары Троицкідегі медреседе оқиды, оны аяқтағаннан кейін Қостанайдағы екі кластық мектепке түседі. Оны 1891 жылы табысты аяқтайды. Оқуды аяқтағаннан кейін 1891-1900 жылдар арасында біраз уақыт ауылнайдың хатшысы болып істейді, кейін Арал теңізі жағына барып, оқытушы болып кетеді. Білімін өздігінен жетілдіре түсіп, орыс, татар жазушыларының шығармаларын көбірек оқиды.

    Алғашқы “Топжарған” (1900) поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. Поэмада 19 ғасырдың 30 — 40-жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген. “Гүлқашима” (1909) поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. Сералин өз шығармаларында Ы.Алтынсариннің ағартушылық-демократия идеяларын қолдады. Ол Фердоуси “Шаһнамасының” “Рүстем — Зораб” бөлімін В.А. Жуковский (1846 – 1847) нұсқасынан, сондай-ақ А.Сорокиннің “Жусан” повесін қазақ тіліне аударған (1915). Мұхамеджан Сералиннің қоғамдық қызметін екі кезеңге бөліп қарастырамыз. Бірінші кезеңіне «Айқап» журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақала жатады. Екінші кезең 1918-1928 жылдар аралығын қамтиды, бұл кезеңде «Ұшқын», «Еңбекші қазақ», «Ауыл» газеттерінде саясат шаруашылығы, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланады. Мұхамеджан Сералиннің қоғамдық қызметі 1911 жылы Троицкіде шыққан демократтық бағыттағы «Айқап» журналымен тығыз байланысты. «Айқап» журналының алғашқы саны Троицк қаласында 1911 жылдың қаңтарында жарық көрді. 1920-1921 жылдары М.Сералин Шұбар болыстық атқару комитетінің төрағасы және партия ұйымының хатшысы болған. 1922 жылы Қостанай өз алдына губерния болып құрылды. Осы жылы Мұхамеджан Сералин губерниялық қызметке шақырылды, онда әуелі губерниялық жер бөлімінің бастығы әрі губерния атқару комитеti төрағасының орынбасары болып сайланады. 1923 жылы қыркүйекте Қостанай губерниялық партия кеңес комитетінің «Ауыл» газетін шығарады. 1924 жылы қаңтарда Кеңестердің бүкілресейлік II сьезіне делегат болып сайланды. 1926 жылға дейін газеттің редакторы болды. 1928 жылы Қазақстан Орталық Атқару Комитетініне мүшелікке өтеді. Осы жұмыста жүріп қаны тасу кеселімен ауырып, 1929 жылдың жазында дүние салады. Жерленген жері Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Өрнек ауылы.
  • Атау беру туралы растайтын құжаттар: Қарабалық ауданы әкімдігі № 243 27.07.2017 ж. қаулысы
  • Атау берілген күні: 27.07.2017 ж.

4. Тарихи анықтама

  • Мектеп салынған жылы: 2007 жыл
  • «Қарабалық ауданы әкімдігі білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Қарабалық ауданы білім бөліміне қарасты «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне атауын өзгерту туралы 20.01.2021 жылғы № 151 бұйрық;
  • Мұхамеджан Сералин есімін беру, «Қарабалық ауданы әкімдігі білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді 2017 жылғы 27.07 күнгі № 243 бұйрығы;
  • «Қарабалық №3 орта мектебі» мемлекеттік мекемесін Қарабалық ауданы білім бөліміне қарасты «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің № 3 Қарабалық орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне атауын өзгерту туралы 16.02.2012 жылғы № 76 қаулысы;
  • «Қарабалық № 3 орта мектебі» жалпы білім беретін мектебі 02.08.2007 жылғы № 251 қаулысы;
  • Мектеп мәртебесі: аймақтық маңызды оқу орны болып табылады, сапалы орта білім беруді және өскелең буынды тәрбиелеуді қамтамасыз етеді.

5. Жетістіктері мен үздік тәжірибелері

  • Білім беру жетістіктері:
    • «Алтын белгі» иегерлері – 2, «Үздік аттестат» иегерлері – 11;
    • Грант иегерлері – 19.
  • Олимпиадалар, байқаулар:
    • Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалары конкурсы, облыстық кезең. 2 орын – 1, 3 орын – 2;
    • 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» Республикалық зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар конкурсы, Республикалық кезең. 3 орын – 1;
    • 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» Республикалық зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар конкурсы, облыстық кезең. 1 орын – 1, 2 орын – 3, 3 орын – 2;
    • Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына РО, облыстық кезең. 2 орын – 2, 3 орын – 3;
    • Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына РО, облыстық кезең. 1 орын – 1, 2 орын – 1, 3 орын – 1;
    • Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына РО, облыстық кезең. 1 орын – 1, 2 орын – 1, 3 орын – 1;
    • Мектеп оқушылары арасындағы Т.Е.Даулетбаев атындағы өңірлік ғылыми-тәжірибелік конкурс 2 орын – 2, 3 орын – 2;
    • Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасы, облыстық кезең, 2 орын – 4, 3 орын – 2;
    • «Әбіш оқулары» Сахналық қойылым, облыстық кезең, 3 орын – 1;
    • Ауыл олимпиадасы жалпы пәндер олимпиадасының облыстық кезеңі, 2 орын – 7, 3 орын – 4;
    • Республикалық «Алтын микрофон» байқауы, облыстық кезең, 2 орын – 1, 3 орын – 2;
    • «ProEco» Республикалық экологиялық жобалар конкурсы, облыстық кезең. 1 орын – 1, 3 орын – 1;
    • «Ыбырай оқулары» Республикалық байқауы, облыстық кезең. 2 орын – 2;
    • «М.Мақатаев және І.Жансүгіров оқулары» Республикалық байқауы, облыстық кезең. 2 орын – 2;
    • Облыстық “Jaidarman Junior” КТА ойындары, “Феникс” тобы 2 орын;
    • Облыстық “DODA” ойындары, «Асу интеллект», 2 орын.