1. Жалпы мәліметтер
- Ұйымның толық атауы: «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Сырбай Мәуленов атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
- Заңды мәртебесі: жалпы білім беретін мектеп
- Меншік нысаны: мемлекеттік
- Құрылған жылы: 1974 ж.
2. Геолокация және байланыс деректері
- Нақты пошталық мекенжайы: 110600, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Шилі ауылдық округі, Милісай ауылы, Жастар көшесі, 10 ғим.
- Ресми веб-сайты: —
- Байланыс деректері: 87143950343, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
3. Атаулы мәртебесі
- Білім беру ұйымына берілген көрнекті тұлғаның аты-жөні: Сырбай Мәуленов
- Тұлға туралы қысқаша өмірбаяндық мәлімет:
Сырбай Мәуленов (1922 ж., Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы - 1993 ж.) - ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Фадеев атындағы Күміс медаль иегері, Қостанай қаласының құрметті азаматы.
1942 жылдан майдан шебінде атқыштар ротасы командирінің орынбасары, кейін саяси жетекшісі болған. 1943 жылдың 17 қаңтарында Ленинград қоршауын бұзу кезінде Волхов бағытында ауыр жараланады. «Ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталады.
С.Мәуленов ауыр жарақаттан кейін елге оралып, Қостанай облыстық радиокомитетінің редакторы болды. Кейін Алматыдағы қазақ көркем әдебиет баспасының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің, «Жұлдыз» әдеби журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. 40-тан астам жыр жинақтарының авторы.
Алматы, Қызылорда, Қостанай, Арқалық қалаларында ақын атында көше бар. Қостанай облысының Жангелдин ауданының Милісай ауылында орта мектеп, Қостанай қаласында гимназия, Астана қаласында гимназия С.Мәуленов есімімен аталады. - Атау беру туралы растайтын құжаттар: ҚР-сы Министрлер Кабинетінің Қаулысы № 1170
- Атау берілген күні: 22.11.1993 ж.
4. Тарихи анықтама
- Мектептің тарихы: 1974 жылы 1 қыркүйекте сегіз жылдық орыс мектебі болып ашылды. 1979 жылы Юбилейный орта мектебі болған. 1994 жылы Милісай орта мектебі толық қазақ мектебі болып қалыптасты. 1993 жылдың 22 қарашасынан бері жазушы майдангер ақын Сырбай Мәуленовтың есімімен аталады.
- Директорлар тарихы:
- 1974 ж. (ашылған негізгі 8-жылдық мектеп) — Құлпейісова Нағима Каметқызы
- 1975–1976 жж. — Омаров Қалихан Жақыпұлы
- 1976–1980 жж. — Садуақасов Смағұл Садвақасұлы
- 1980–1987 жж. — Сметановская Лидия Михайловна
- 1987–1989 жж. — Жүнісов Серік Бекбергенович
- 1989–1992 жж. — Бақытжанова Кәбира Омарқызы
- 1992–1995 жж. — Дүйсенбаев Сағи Дүйсенбайұлы
- 1995–1996, 2004–2018 жж. — Нүрекина Орынкүл Ахметқызы
- 1997–1999 жж. — Аубакиров Түбекбай Ғабсалықұлы
- 2000–2004 жж. — Хасен Теміржан Сакенұлы
- 2018–2019 жж. — Абдикаримов Сабит Есімұлы
- 2019–2024 жж. — Садвакасов Олжас Габдымажитович
- 2025 жылдан — Абдрахманова Толқын Наурызқызы
- Мектеп мәртебесі: Өңірдің білім беру және тәрбие кеңістігінде ерекше орын алады. Мектеп білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етеді, сапалы білім береді, ұлттық және рухани тәрбие жүргізеді, білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, қоғамның дамуына үлес қосатын тұлғаларды тәрбиелейді.
5. Жетістіктері мен үздік тәжірибелері
- Білім беру жетістіктері мен олимпиада, байқау нәтижелері:
- 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» республикалық конкурсының аудандық кезеңі:
- Бекзатқызы А. — 2 орын (жетекшісі Ержанова А.)
- Сәндібек Н. — 3 орын (жетекшісі Доспаева А.)
- Жұмағали Н. — 3 орын (жетекшісі Үсенбай А.)
- Өрдек Ө. — 1 орын (жетекшісі Калиева С.Т.)
- Шегебай Н. — 3 орын (жетекшісі Калиева С.Т.)
- Теңіз С. — 1 орын (жетекшісі Абдикаримова Ж.Н.)
- Төлеухан С. — 2 орын (жетекшісі Мадиева Э.К.)
- Тынымбай А. — 3 орын (жетекшісі Доспаева А.Н.)
- «Зерде» конкурсының облыстық кезеңі: Теңіз Санжар — 3 орын
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі:
- Жомарт А. — 3 орын (жетекшісі Бораш С.)
- Рза Е. — 3 орын (жетекшісі Сейдагалиев О.)
- Жұмағали Н. — 3 орын (жетекшісі Үсенбай А.)
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі:
- Теңіз С. — 2 орын (жетекшісі Доспаева А.)
- Бекзатқызы А. — 3 орын (жетекшісі Демисенова С.)
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі: Елтайқызы Л. — 2 орын (жетекшісі Мадиева Э.)
- Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық турнирінің аудандық кезеңі: Сәндібек Н., Мұратбек А., Мұратбек Р. — 3 орын
- Ілияс Жансүгіров оқулары («Ілияс – қарасөз шебері» көркемсөз номинациясы, аудандық кезең): Бекзатқызы М. — 3 орын (жетекшісі Сейдагалиева Г.)
- Республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі:
- Бекзатқызы М. — 1 орын (жетекшісі Сейдагалиева Г.)
- Рза Е. — 2 орын (жетекшісі Доспаева А.)
- Амангелді М., Елтайқызы Л. — 2 орын (жетекшісі Мадиева Э.)
- Нағашыбай Қ. — 3 орын (жетекшісі Абдрахманова Т.)
- «Заманауи роботтар» макет байқауы (аудандық кезең): Сәндібек Ұ., Жұмағали Н. — 3 орын
- «Сторителлинг» бейнероликтер байқауы: аудандық кезең — 1 орын, облыстық кезең — 2 орын (Сәндібек Нұриман, жетекшісі Сейдазым Ә.А.)
- «CPFED Uzdik IT Ustaz» турнирінің облыстық кезеңі: Ержанова А.Н., информатика пәні мұғалімі — 3 орын
- «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңі (Үсенбай А.К., Рейім Т.А.)
- «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының аудандық кезеңі (Үсенбай А.К.)
- «Үздік психолог» аудандық кезеңі (Сейдазым Ә.А.)
- «ІТ Мұғалімі» облыстық байқауы (Ержанова А.Н.)
- Рейім Толқынай Асқарқызы — «Жаңа мектепке жаңашыл ұстаз» республикалық байқауының аудандық кезеңі — 2 орын
- Ержанова Айнагүл Нұрдаубайқызы — «IT Uzdik Ustaz» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі — 3 орын
- 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» республикалық конкурсының аудандық кезеңі:
- Тәрбие және патриоттық бағыттағы жобалар: «Біртұтас тәрбие», «Адал азамат» бағдарламалары.
- Облыстық және республикалық бастамаларға қатысуы: «Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы.
- Мектептің инновациялық тәжірибелері:
- Интерактивті тақталарды, онлайн-платформаларды және электрондық күнделіктерді пайдалану.
- Жобалық оқыту мен сыни тұрғыдан ойлауды енгізу.





