ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ЖОЛЫ

1. Жалпы мәліметтер

  • Ұйымның толық атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Денисов ауданы білім бөлімінің академик Темірбай Байбосынұлы Дарқамбаев атындағы Әйет жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  • Заңды мәртебесі: жалпы білім беретін мектеп
  • Меншік нысаны: мемлекеттік ұйым
  • Құрылған жылы: 1973 жыл

2. Геолокация және байланыс деректері

  • Толық пошталық мекенжайы: 110503, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Әйет ауылы, Клубная көшесі, 20/2
  • Байланыс телефоны: 87143497600
  • Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

3. Атаулы мәртебесі

  • Ұйымға берілген көрнекті тұлғаның Т.Ә.Ж.: Темірбай Байбусынұлы Дарқанбаев
  • Тұлға туралы қысқаша өмірбаяндық мәлімет:
    Темірбай Байбусынұлы Дарқанбаев (1910–1987) — биохимик, биология ғылымдарының докторы (1953), профессор (1953), Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1954). 1941 жылдан КОКП мүшесі.

    1910 жылғы 24 қазанда Ресей империясының Торғай облысы, Қостанай уезінде дүниеге келген. 1936 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

    1936–1937 жылдары С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы болып жұмыс істеді. 1938–1941 жылдары — КСРО ҒА Биология институтының аспиранты, 1941–1943 жылдары — КСРО ҒА Қазақ филиалы биохимия зертханасының аға ғылыми қызметкері, 1943–1946 жылдары — проректор, 1946–1970 жылдары — кафедра меңгерушісі, 1955–1961 жылдары — С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дың ректоры. 1972–1983 жылдары — Қазақ КСР ҒА президиумының мүшесі, биология ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы, 1983–1986 жылдары — Қазақ КСР ҒА Молекулалық биология және биохимия институты зертханасының меңгерушісі.

    230-дан астам ғылыми еңбектің (оның ішінде 2 монография мен 2 оқулықтың) авторы, 2 авторлық куәлігі болған. Негізгі ғылыми еңбектері дәнді дақылдар биохимиясын зерттеуге, ақуыздарды, көмірсуларды, ферменттерді, витаминдерді, бидай дәнінің минералдық құрамын зерделеуге арналған.

    Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4–5-шақырылымдарының депутаты. Ленин орденімен, сондай-ақ басқа да ордендермен және медальдармен марапатталған.
  • Атау берілгенін растайтын құжаттар: Денисов ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 23 қаңтардағы №8 қаулысы

4. Тарихи анықтама

№ т/б Кезең Оқиға / Даму тарихы Құжаттар мен қосымша мәліметтер
1 1934 жыл Әйет кентінде бастауыш мектеп ашылды. Алғашқы мұғалімі — Томина Мария Георгиевна, мектеп меңгерушісі — Дмитрик Мария Петровна.
2 1952–1954 жылдар Жетіжылдық мектеп базасында Әйет орта мектебі ұйымдастырылды. 1954 жылға дейін мектепті Стародуб Николай Яковлевич басқарды.
3 1954–1973 жылдар Мектеп басшылары: Ефимова Ольга Васильевна, Сызоненко Федор Кузьмич, Ковалёв Василий Давыдович, Вязмитининов Евгений Андреевич, Ковалёв Василий Данилович, Будачева Зоя Васильевна, Цвяк Иван Антонович.
4 1974 жылдан бүгінгі күнге дейін Мектеп директорлары: Беркут Василий Иванович, Лысак Владимир Пантелеймонович, Костина Людмила Алексеевна, Гафуров Эльдар Габдарханович, Байканова Сапура Жунусовна, Бужумов Рахат Жунусович, Киселева Надежда Александровна, Хлебников Александр Константинович, Хакимова Валентина Васильевна. 2015 жылғы қарашадан бастап – Утарбаева Сауле Закариевна.
5 2006 жылғы 23 қаңтар «Денисов ауданының Әйет орта мектебі» ММ «Денисов ауданының академик Темірбай Байбосынұлы Дарқамбаев атындағы Әйет орта мектебі» ММ болып қайта аталды. Денисов ауданы әкімдігінің №8 қаулысы

Өңірдің білім беру және тәрбие кеңістігіне қосқан үлесі:

  • Педагогикалық еңбек ардагерлері: Цвяк Иван Антонович, Овсянникова Мария Петровна, Чистова Надежда Степановна, Андреева Валентина Ивановна, Лактионова Мария Михайловна, Храпко Лидия Ивановна — «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» атағына ие болды.
  • Түлектер көрсеткіші (1975–2025 жж.): 1266 түлекке жалпы орта білім туралы аттестат табысталды. Оның ішінде: алтын медальмен 2 ерекше үлгідегі аттестат, «Алтын белгі» белгісімен 1 аттестат, үздік 14 аттестат, күміс медальмен 7 ерекше үлгідегі аттестат, бір «4»-і бар 13 аттестат, 237 екпінді оқушы.
  • Мектептің мақтаныш түлектері:
    • Қашақов Амангелді Жағафарұлы: 2006 жылы ҚР ҰҚК Әскери институтын бітірген, Тәжік-Ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының қатысушысы, әскери атағы – майор, арнайы мақсаттағы мобильді іс-қимылдар бөлімінің топ бастығы.
    • Артемчук Алексей Алексеевич: Офицер, шекарашы, генерал-майор. «КСРО Мемлекеттік шекарасын күзетудегі үздігі үшін» медалімен марапатталған. 15 жыл бойы ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары – Техника және қару-жарақ бас басқармасының бастығы қызметін атқарды.
    • Калимов Ниязбек Ерханович (1985 жылғы түлек): Қауымдастырылған профессор (доцент), ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ аграрлық-биологиялық факультетінің деканы болған (2014–2019 жж.), 2019 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің агрономия кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

5. Жетістіктері мен үздік тәжірибелері

  • Білім беру жетістіктері:
    • Алтын медальмен 2 ерекше үлгідегі аттестат;
    • «Алтын белгі» белгісімен 2 аттестат;
    • 14 үздік аттестат;
    • Күміс медальмен 7 ерекше үлгідегі аттестат;
    • Бір «4»-і бар 13 аттестат;
    • 2015 жылдан бастап мектептің 25 түлегі грант иегері атанды;
    • «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық жобалар конкурсы – 1, 2, 3 орын;
    • 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада – 2 орын.
  • Тәрбие және патриоттық жобалар:
    • Көшбасшылықты және мектептің өзін-өзі басқаруын дамыту;
    • Оқушылар нақты басқарушылық функциялар алатын Мектеп парламентін қалыптастыру;
    • Өңірлік және республикалық көшбасшылар слеттеріне қатысуға оқушыларды дайындау;
    • Спорт секциялары мен ұлттық ойындар/мәдениет бойынша үйірмелерді дамыту.
  • Өңірлік және республикалық бастамаларға қатысу:
    • Облыстық «Үздіксіз білім берудегі педагог» жобасы;
    • «Қостанай облысының шағын жинақты мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы.
  • Мектептің инновациялық тәжірибелері:
    • Интерактивті тақталарды, онлайн-платформаларды және электрондық күнделіктерді пайдалану;
    • Жобалық оқыту мен сыни ойлауды енгізу;
    • Әрбір оқушының қабілетін ескере отырып, жеке тәсілді қолдану;
    • Тәлімгерлік элементтерін, жеке білім беру маршруттарын және бағалаудың заманауи әдістерін енгізу.