




1. Жалпы мәліметтер
- Уйымның толық атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданының білім беру бөлімінің Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы» КММ
- Заңды мәртебесі: мектеп-гимназия
- Меншік нысаны: мемлекеттік мекеме
- Құрылған жылы: 1965 ж.
2. Геолокация және байланыс деректері
- Толық пошталық мекенжайы: индекс 110400, 1 Мамыр көшесі, 43
- Ресми веб-сайты: https://www.auliekol-shool-gm.edu.kz/dokumenty/
- Байланыс деректері: 87145321-1-4, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
3. Атаулы мәртебесі
- Уйымға берілген көрнекті тұлғаның Т.Ә.Ж.: Сұлтан Баймағамбетов
- Тұлға туралы қысқаша өмірбаяндық мәлімет:
Сұлтан Баймағамбетов 1920 жылы Қостанай облысы Семиозер ауданының Қояндыағаш ауылында дүниеге келген. Қызыл Армия қатарына 1940 жылы шақырылған. КОКП мүшесі. 67-армияның 43-краснознаменная атқыштар дивизиясы 147-атқыштар полкінің 2-пулемет ротасының бөлім командирі Сұлтан Баймағамбетов Синявино-Мга учаскесінде Ленин қаласын қорғау шайқасында өшпес ерлік көрсетті. Оған Кеңес Одағының Батыры жоғары атағы 1944 жылғы 21 ақпанда қаза тапқаннан кейін берілді.
Сұлтан — кеңес мектебі мен Ленин комсомолының түлегі. Ауыр жорықтар мен сұрапыл ұрыстарда оның жігері мен батылдығы шыңдалды. Адал жолдас, үздік мерген, озық пулеметші, жауынгер-коммунист Сұлтан Баймағамбетов көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Сондықтан оның рота парторгі болып сайлануы кездейсоқ емес еді.
Сұлтан Баймағамбетовтің соғыстағы екі жылы сұрапыл шайқастардың қақ ортасында өтті. Осы уақыт ішінде ол төрт рет жараланса да, госпитальда ұзақ жатпады; толық айығып үлгермей-ақ, сүйікті Отаны үшін бірге қан төккен майдандас достарына қайта оралып отырды.
Ленинград майданының Синявино-Мга учаскесінде Сұлтан қызмет еткен бөлімше шабуылға шығуға бұйрық алды. Фашистер толассыз пулемет отын жаудырып, біздің шабуылымызды тоқтатты. Осы сәтте аға сержант Баймағамбетов дзотқа қарай еңбектеп жылжыды. Жауынгерлер демін ішке тартып, оның әрбір әрекетін бақылап отырды. Дзотқа 20-25 метр қалғанда, ол гранатаны дәл лақтырып, жаудың пулемет есебінің үнін өшірді. Кеңес жауынгерлері алға ұмтылды, бірақ осы кезде жаудың екінші дзоты іске қосылды. Сұлтан Баймағамбетовте граната қалмаған еді. Ол амбразураға қарай бірнеше рет оқ жаудырғанымен, бұл көмектеспеді; жау пулеметі ажал себуін тоқтатпады. Жауынгерлер қайтадан жерге жатуға мәжбүр болды.
Бұны көрген қазақстандық жауынгер фашист пулеметінің үнін не де болса өшіруге бел байлады. Дзотқа жақындап барып, ол кенеттен орнынан атып тұрып, дзот амбразурасын өз денесімен жапты. Жау пулеметі үнсіз қалды.
Сұлтанның майдандас досы, рота командирі Иван Филиппов: «Сұлтанымыз үшін, алға!» — деп айқайлап, жауынгерлерді шабуылға бастады. Шайқас жеңіспен аяқталды.
Отан үшін жан тапсырған Батырдың даңқы ешқашан өшпейді. Оның жарқын есімі өз бөлімшесінің жеке құрамының тізіміне мәңгілікке енгізілді. Қояндыағаш ауылының еңбеккерлері өз қаражаттарына Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетов атындағы танк соқтырды. Қостанай, Құсмұрын көшелері мен Сұлтанның туған совхозы Батырдың есімімен аталды. Халық ақындары Батырдың мәңгілік даңқына арнап әндер шығарды. Қазақстандық Сұлтан Баймағамбетов мәңгілік сапта қалды.
4. Тарихи анықтама
| № т/б | Кезең | Оқиға | Аудандық архив материалдары / Құжаттар |
|---|---|---|---|
| 1 | 1896 жыл | Учительское көлінің солтүстік-батыс жағалауында арнайы салынған ағаш ғимаратта Әулиекөл орыс-қазақ мектебі ашылды. | 1960 жылғы «Путь к коммунизму» газетінің материалдары. |
| 2 | 1921-1926 жылдар | 3-кластық Семиозер I сатылы мектебі. | 1921 жылғы жұмыс істеп тұрған мектептер саны, ауылдардың көрсетілуі, мұғалімдер мен оқушылар саны туралы мәліметтер. |
| 3 | 1926–1937 жылдар 1930 жыл 1937 жыл |
7 жылдық Семиозер толық емес мектебі. 7 жылдық Семиозер толық емес мектебінің алғашқы түлектері. Түлектер арасында – мектеп директоры болып жұмыс істеген география мұғалімі Мурзаев Алексей Максимович бар. Сұлтан Баймағамбетов толық емес мектептің 7 сыныбын бітірді. |
Бұл мәртебе Семиозер ауданы бойынша 1936 жылғы 1 қыркүйектегі мектептер тізімінде белгіленген. |
| 4 | 1937-1960 жылдар 1940 жыл |
10 жылдық Семиозер орыс орта мектебі. Семиозер орыс орта мектебінің алғашқы түлектері. |
— |
| 5 |
1960-1967 жылдар 1960 жыл 1965 жыл 1967 жылғы маусым 1967 жылғы қараша 1967 жылғы желтоқсан 1968 жылғы қаңтар |
11 жылдық №1 Семиозер орта мектебі. Аудан орталығында орта мектептің үлгілік ғимаратын салу туралы шешім қабылданды. Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтің есімі берілді. 10-сынып оқушылары (алғашқы түйін – 90 оқушы) мен 11-сынып оқушыларының (соңғы түйін – 27 оқушы) бір мезгілде мектепті бітіруі. Жаңа ғимарат құрылысы аяқталды. Пайдалануға берілді. 1 Мамыр көшесі, 43 мекенжайындағы жаңа ғимаратқа көшу:
|
Еңбекшілер депутаттары Семиозер аудандық Кеңесі атқару комитетінің 1960 жылғы 6 қыркүйектегі «1960-1961 жылдары орта және жетіжылдық мектептерді 11 жылдық және 8 жылдық мектептерге қайта ұйымдастыру туралы» шешімі; КСРО Жоғарғы Кеңесі «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және КСРО-да халық білімі жүйесін одан әрі дамыту туралы» Заң қабылдады (24.12.1958 ж.). Еңбекшілер депутаттары Семиозер аудандық Кеңесі атқару комитетінің 1960 жылғы 4 қаңтардағы «Аудан орталығында орта мектептің үлгілік ғимаратын салу туралы» шешімі. Еңбекшілер депутаттары Семиозер аудандық Кеңесі атқару комитетінің 1965 жылғы 16 ақпандағы «№1 Семиозер орта мектебіне Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтің есімін беру туралы» шешімі. 1966-1967 оқу жылындағы орта білім туралы аттестаттар мен біліктілік куәліктерін беру кітабы. 1967 жылғы 1 қыркүйектегі мұғалімдердің тарификациялық тізімі; Семиозер АУББ 27.03.1968 ж. № 38 бұйрығы; Өндірістік мәселелер мен жеке құрам бойынша бұйрықтар кітабы; Семиозер АУББ 1968 жылғы ақпандағы бұйрығы. |
| 6 | 1967-1989 жылдар 1987 жыл |
10 жылдық С. Баймағамбетов атындағы №1 Семиозер орта мектебі. Ғимараттың екінші корпусы салынып, пайдалануға берілді. |
— |
| 7 |
1989 жылдан қазіргі уақытқа дейін 1997 жылғы 1 қыркүйек 2004 жылғы 31 тамыз 2005 жылғы 1 наурыз 2006 жылғы 20 ақпан 2013 жылғы 27 ақпан |
11 жылдық оқыту жүйесі. С. Баймағамбетов атындағы №1 Әулиекөл орта мектебі. «С. Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі. «Әулиекөл ауданының білім және спорт бөлімінің С. Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы» ММ. «Әулиекөл ауданының білім бөлімінің Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы» ММ. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы» ММ. |
«Жалпы білім беретін және кәсіптік мектепті реформалаудың негізгі бағыттары» (1984 ж.). 1989-1990 оқу жылынан бастап мектеп 11 жылдық болды. ҚР Президентінің 1997 жылғы 17 маусымдағы № 3550 Жарлығы; Қостанай облыстық мәслихаты мен облыс әкімінің 1997 жылғы 27 маусымдағы шешімі. Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 123 қаулысы. Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 87 қаулысы. Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 60 қаулысы. Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 111 қаулысы. |
5. Жетістіктер мен үздік тәжірибелер
- Үш жылдағы білім беру жетістіктері:
Көрсеткіштер 2023-2024 2024-2025 2025-2026 «Алтын белгі» иегерлері 3 3 4 «Үздік аттестат» иегерлері 3 1 3 Грант иегерлері 12 11 15 (күтілуде) - Педагогтердің олимпиадалары, конкурстары мен жетістіктері:
- Облыстық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсы: 1-орын (2023 ж.), 2-орын (2024 ж.).
- Облыстық «Жаңашыл мұғалім 2025» конкурсы – қатысушы (2025 ж.).
- Жас педагогтердің VIII Республикалық «Жаңа мектепке – жаңа мұғалім» конкурсының облыстық кезеңі – қатысушы (2026 ж.).
- Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиада (IV қорытынды кезең):
- Құқық қорғау негіздері: I орын (I дәрежелі диплом) – Сулейменова Айдана (10 «Б» сыныбы); II орын (II дәрежелі диплом) – Левицкая Тамила (10 «Б» сыныбы); III орын (III дәрежелі диплом) – Воронова Маргарита (10 «Б» сыныбы).
- Зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың XX республикалық «Зерде» конкурсы (IV қорытынды кезең):
- «Тарих, өлкетану» секциясы: I дәрежелі диплом – Мағзұм Ақнұр (7 «Б» сыныбы).
- Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиада (Облыстық кезең):
- 1 орын: Левицкая Тамила (Құқық негіздері, 11 «Б»).
- 2 орын: Муравьёв Артём (Ағылшын тілі, 11 «Б»), Егізбаев Әміржан (Қазақстан тарихы, 11 «Б»), Воронова Маргарита (Құқық негіздері, 11 «Б»), Томилина София (Орыс тілі мен әдебиеті, 9 «А»), Бекмағамбетова Диляра (Орыс тілі мен әдебиеті, 11 «Б»).
- 3 орын: Нашкенова Даяна (Ағылшын тілі, 10 «Б»), Ибраева Малика (Ағылшын тілі, 10 «Б»), Сулейменова Айдана (Құқық негіздері, 10 «Б»), Журба Софья (Орыс тілі мен әдебиеті, 10 «Б»).
- «Зерде» зерттеу жобалары конкурсы (Облыстық кезең):
- 1 орын: Мағзұм Ақнұр (2-7 сыныптар, 7 «Б»).
- 2 орын: Поман Элина (2-7 сыныптар, 2 «А»).
- 3 орын: Журба София (8-11 сыныптар, 10 «Б»).
- Ғылыми-практикалық конференциялар:
- Т.Е. Дәулетбаев атындағы XII ашық аймақтық ҒПК: I орын (Өлкетану/тарих) – Сигитова Мария (4 «В»), Мағзұм Ақнұр (7 «Б»); III орын (Биология) – Құрмамбаев Ансар (3 «Б»); III орын (Этномәдениеттану) – Бекеева Гүлназ (9 «А»); III орын (Қолданбалы математика) – Омельченко Анна (9 «А»).
- «Зерттеудегі бір қадам – дамудағы жүз қадам» аймақтық ҒПК: 2 орын (Математика) – Омельченко Анна (9 «А»).
- «Абай – ұрпақ жүрегінде» облыстық олимпиадасы: III дәрежелі диплом (Қазақ тілі мен әдебиеті) – Жансақалов Тамерлан, Пустовалова София, Тастұрғанова Сабина (8 «А»).
- Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі: 3 орын (Орыс тілі мен әдебиеті) – Кытманова Анелия (6 «Г»).
- Тәрбие, патриоттық және спорттық жобалар:
- «Біртұтас тәрбие» және «Адал азамат» бағдарламалары, облыстық, республикалық және халықаралық бастамаларға қатысу.
- «Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы: Баймағамбетов атындағы «Отан үшін жасалған ерлік» педагогикалық оқулары (2026 ж.).
- Дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған облыстық семинар (2023 ж.).
- Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Цифрлық технологиялар» облыстық семинары (2024 ж.).
- «Жас әскер» әскери-патриоттық бірлестіктерінің облыстық слетіне қатысу (2023 ж., 2025 ж.).
- «Адал ұрпақ» патриоттық клубтарының облыстық слеті – 3 орын (2023 ж.).
- 7-8 сыныптар арасында баскетболдан республикалық ұлттық мектеп лигасы – 2 орын (2023 ж.).
- В.И. Лыфарды еске алуға арналған орыс лаптасынан облыстық турнир – Қыздар: 2 орын, Ұлдар: 2 орын (2024 ж.).
- Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған 5-6 сыныптар арасында «Бес асықтан» облыстық мектеп лигасы – 2 орын (2024 ж.).
- 7-8 сынып қыздар арасында баскетболдан мектеп лигасының облыстық кезеңіне қатысу (2024 ж.).
- Жас жол инспекторлары отрядтарының XVIII облыстық слетіне қатысу (2025 ж.).
- Болашақ педагогтердің III облыстық слеті – 1 орын (2025 ж.).
- 5-6 сыныптар арасында «Бес асық» және «Асық атудан» мектеп лигасының облыстық кезеңі – 2 орын және 3 орын (2025 ж.).
- Облыстық дебат турниріне қатысу (2026 ж.).
- Мектептегі өзін-өзі басқару көшбасшыларының облыстық форумына қатысу (2026 ж.).
- «Досболlike» буллингтің алдын алу бағдарламасы шеңберіндегі облыстық семинар (2026 ж.).
- 7-8 сыныптар арасында «Бес асық» және «Асық атудан» мектеп лигасының облыстық кезеңіне қатысу (2026 ж.).





