1. Жалпы мәліметтер
- Ұйымның толық атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
- Заңды мәртебесі: мектеп
- Меншік нысаны: мемлекеттік ұйым
- Құрылған жылы: 1973 ж, тамыз
2. Геолокация және байланыс деректері
- Нақты пошталық мекенжайы: индекс 111500, 50 лет Октября көшесі, 9
- Ресми веб-сайты: https://19mektep-kst.edu.kz/?cat=4
- Байланыс деректері: 87143161296, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
3. Атаулы мәртебесі
- Білім беру ұйымына берілген көрнекті тұлғаның аты-жөні: Ахмет Байтұрсынұлы
- Тұлға туралы қысқаша өмірбаяндық мәлімет:
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Жангелді ауданы, Қостанай облысы – 8 желтоқсан 1937 жыл, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі.
Өмірбаяны:- Ахмет Байтұрсынұлы Торғай уезінде (қаласында) 2 сыныптық орыс-қазақ мектебін, Орынбор қаласындағы 4 жылдық мектепті бітіреді. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.
- 1913–1918 жылдары тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетінің бас редакторы болды.
- 1919 жылы Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. А. Байтұрсынұлы 1919 жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалады. 1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары қызметінде болды.
- 1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды.
- 1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуына байланысты профессор қызметіне ауысты.
- 1929 жылдан бастап саяси қуғынға ұшырады.
- 1937 жылы 8 желтоқсанда репрессияға ұшырап, Алматы қаласында ату жазасына кесілді.
- Атау беру туралы растайтын құжаттар: 2023 жылғы 04 қаңтардағы «Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы» анықтама
- Атау берілген күні: 04.01.2023 ж.
4. Тарихи анықтама
- Мектеп салынған жылы: 1973 жыл
- Қайта ұйымдастырылу тарихы:
- Рудный қаласы әкімінің 15.01.2014 жылғы № 9 қаулысына сәйкес «№19 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі «Рудный қаласы әкімдігінің №19 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
- Қостанай облысы әкімдігінің 05.01.2021 жылғы № 22 қаулысына сәйкес «Рудный қаласы әкімдігінің №19 орта мектебі» КММ «Рудный қаласы білім бөлімінің №19 жалпы білім беретін мектебі» КММ болып өзгертілді.
- Қостанай облысы әкімдігінің 21.11.2022 жылғы № 509 қаулысына сәйкес Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №19 жалпы білім беретін мектебі» КММ «Рудный қаласы білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ болып қайта аталды.
- Вклад организации в регион: Мектеп – аймақтық маңызды оқу орны болып табылады, сапалы орта білім беруді және өскелең буынды тәрбиелеуді қамтамасыз етеді.
5. Жетістіктері мен үздік тәжірибелері
- Білім беру жетістіктері:
- «Алтын белгі» иегерлері – 14.
- «Үздік аттестат» иегерлері – 9.
- Грант иегерлері – 42.
- Олимпиадалар мен байқаулар:
- 2023-2024 оқу жылы:
- 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» Республикалық зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар конкурсы (облыстық кезең): 2-орын – 2.
- Т.Е.Даулетбаев атындағы өңірлік ғылыми-тәжірибелік конкурс: 1-орын – 1, 2-орын – 2, 3-орын – 5.
- «Жетістікке сәтті қадам» облыстық зерттеу жобалары байқауы: 1-орын – 2, 2-орын – 1, 3-орын – 1.
- «ProEco» Республикалық экологиялық жобалар конкурсы (облыстық кезең): 3-орын – 1.
- Республикалық жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» зияткерлік байқауы: 3-орын – 1.
- «Алтын сақа» олимпиадасы: облыстық кезеңде 1-орын – 1, 2-орын – 1, 3-орын – 1; республикалық кезеңде 3-орын – 1.
- «Менің бастамам менің Отаным» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі: 2-орын – 1.
- «Robosarykol-2023» робототехника бағдарламалау және инновациялық технологиялар облыстық фестивалі: 3-орын – 2.
- Республикалық «Ясауитану» байқауы: облыстық кезеңде 1-орын – 1; республикалық кезеңде 3-орын – 1.
- «Қазақстан балалары шекарасыз әлемде!» облыстық кезеңі: 1-орын – 1, 3-орын – 1.
- «Тәуелсіз Қазақстан балалардың көзімен» облыстық кезеңі: 1-орын – 1, 3-орын – 1.
- Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған «Ұлы мұра» марафонының облыстық кезеңі: 3-орын – 8.
- «Қостанай дарыны» облыстық қашықтық олимпиадасы (Қазақ тілі): 2-орын – 2, 3-орын – 15.
- «Қостанай дарыны» облыстық қашықтық олимпиадасы (Физика): 2-орын – 4, 3-орын – 33.
- «Дарын» ағылшын тілінен қашықтық олимпиадасы: 2-орын – 10, 3-орын – 25.
- «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы: 1-орын – 1, 2-орын – 2, 3-орын – 2.
- «Кенгуру» олимпиадасы: 1-орын – 36, 2-орын – 3, 3-орын – 7.
- 2024-2025 оқу жылы:
- 2-7 сыныптар арасында «ЗЕРДЕ» республикалық балалар зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі: 2-орын – 1.
- Т. Е. Дәулетбаев атындағы оқушылардың өңірлік ғылыми-практикалық конференциясы: 1-орын – 1, 3-орын – 2.
- Республикалық «Ясауитану» байқауының облыстық кезеңі: 1-орын – 1 (республикалық кезең қатысушысы).
- Республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі: 1-орын – 2; республикалық кезеңде: 1-орын – 1, 2-орын – 1.
- Республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі: 3-орын – 1.
- «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде Абдулазизова Ақерке жүлделі 1-орынға ие болды, ал Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан Алғыс хат табысталды.
- Республикалық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауының облыстық кезеңі: 1-орын – 1.
- 2025-2026 оқу жылы:
- 2-7 сыныптар арасында «Зерде» республикалық балалар зерттеу жұмыстар мен шығармашылық жобалар облыстық байқауы: 1-орын – 1, 3-орын – 1.
- Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» байқауы: 3-орын – 1.
- «Ақберен» өнер байқауы: 3-орын – 1.
- «Махамбет оқулары» облыстық кезеңі: 2-орын – 1.
- 2-4 сынып оқушылары арасында «Funny English» ағылшын тілі байқауы: 1-орын – 4, 2-орын – 4, 3-орын – 3.
- Т. Е. Дәулетбаев атындағы мектеп оқушыларының XIII аймақтық ғылыми-практикалық байқауы: 2-орын – 2, 3-орын – 2.
- Республикалық 7-8 сыныптардың пән олимпиадасы: 2-орын – 2, 3-орын – 2.
- Республикалық 5-6 сыныптардың пән олимпиадасы: 3-орын – 2.
- Аягүл Миразова атындағы 8-9 сыныптарға арналған республикалық математика олимпиадасы: 2-орын – 1.
- «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы: 1-орын – 9, 2-орын – 2, 3-орын – 10.
- 2023-2024 оқу жылы:
- Тәрбие және патриоттық бағыттағы жобалар: «Біртұтас тәрбие», «Адал азамат» бағдарламалары және «Жер амбассадорлары» экожобасы.
- Облыстық және республикалық конкурстар мен спорттық жетістіктер:
- WonderFest 2025 республикалық сайысында 3–11 сынып оқушылары арасынан «Махаббат дастаны» театры қатысып, І дәрежелі диплом иеленді.
- Асық ату спорты бойынша 2012-2014 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты (2025 ж.): 1-орын – 3, 2-орын – 1, 3-орын – 1.
- Өңірлік және республикалық бастамаларға қатысу:
- Бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық семинары (2024 ж.).
- «Құндылыққа негізделген білім беру мен тәрбие» тақырыбындағы облыстық семинар (2024 ж.).
- «Бастауыш сынып мұғалімі - заманның көшбасшысы» облыстық семинар (2024 ж.).
- «Ахметтің өшпес өнегесі» атты облыстық танымдық форум (2025 ж.).
- «Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы негізгі басымдықтар» облыстық семинар-практикум (2025 ж.).
- «Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы (2026 ж.).
- Мектептің инновациялық тәжірибелері:
- Кейс технологиясымен оқытуды енгізу.
- Ақпараттық-интеллектуалдық қабілеті жоғары, жаңашыл, қазіргі заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыру.
- Оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту.
- XXI ғасыр дағдыларын дамыту: шығармашылық, коммуникация, командалық жұмыс.





