1. Жалпы мәліметтер
- Ұйымның толық атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің Қадыр Кәрімов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
- Заңды мәртебесі: мектеп
- Меншік нысаны: мемлекеттік
- Құрылған жылы: 1964 ж
2. Геолокация және байланыс деректері
- Нақты пошталық мекенжайы: Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Алтын дала ауылы, Хакимжанова көшесі 13
- Ресми веб-сайты: https://karimov.kst-bilim.edu.kz/ru/
- Байланыс деректері: 87145532779
- Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
3. Атаулы мәртебесі
- Білім беру ұйымына берілген көрнекті тұлғаның аты-жөні: Қадыр Кәрімов Кәрімұлы
- Тұлға туралы қысқаша өмірбаяндық мәлімет: Қадыр Кәрімұлы Кәрімов (1917-2006) - Ұлы Отан соғысы ардагері, мектептің негізін қалаушы, алғашқы директоры, ұлағатты ұстаз. 1917 жылы 9 мамырда Қостанай ауданы, Кенжебай ауылында (қазіргі «Алтын Дала» ауылы) туған.
- Атау беру туралы растайтын құжаттар: Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі №970140001636
- Атау берілген күні: 04.04.2017 жыл, бұйрық №177
4. Тарихи анықтама
- Ұйымның құрылу және даму тарихы, қалыптасу кезеңдері:
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің Қадыр Кәрімов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-ның негізі 1964 жылы қаланды. 1948-1959 жылдар аралығында «Красный октябрь орта мектебі» атауымен қызмет жасады. Қадыр Кәрімов директор болып тағайындалды.
Басшылар шежіресі:- 1959-1969 жж. — Сейдахметов Т.С.
- 1969-1980 жж. — Нургалиев К.
- 1983-1986 жж. — Омаров К.Ж.
- 1986-1990 жж. — Ибраева Р.Б.
- 1990-1997 жж. — Сартов Ж.К.
- 1997-2005 жж. — Ибраева Р.Б.
- 2005-2008 жж. — Жумабаев Б.Б.
- 2008-2009 жж. — Сағынбаев М.Т.
- 2009-2011 жж. — Сатов Б.А.
- 2011-2012 жж. — Абенов О.С.
- 2012-2014 жж. — Мухамеджанов М.Б.
- 2014-2015 жж. — Дюсенбаева Н.Ж.
- 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін — Ибраева Салтанат Кенжехановна директор болып қызмет атқарады.
2017 жылғы 17 сәуірде «Красный октябрь орта мектебі» атауынан «Қадыр Кәрімов атындағы орта мектебі» мәртебесі берілді.
Қазіргі таңда аталған мекемеде 27 педагог қызмет атқарып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Сондай-ақ 191 білім алушылар мен тәрбиеленушілер заман талабына сай қолайлы ортада білім нәрімен сусындауда. - Өңірдің білім беру және тәрбие кеңістігіндегі үлесі: Қостанай ауданы білім саласының дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Тәжірибелі педагогтердің тәжірибе тарату жұмыстары аудан деңгейінде қолданылуда. Мекемедегі білім сапасы 60%-ды құрайды. Тәрбие бағыты бойынша ұлттық құндылықтарды дәріптеу басты мақсатқа қойылған.
5. Жетістіктері мен үздік тәжірибелері
- Білім беру жетістіктері:
Білім алушылар оқу процесінде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Оқушылар пәндік олимпиадалар мен түрлі деңгейдегі байқауларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
2024-2025, 2025-2026 оқу жылдарындағы жетістіктер:- Облыстық «Ақберен» байқауы: Болат Аяжан — 2 орын.
- «Абай оқулары» байқауы (аудандық кезең): 1 орын алған Болат Аяжан, Нурсеит Айгерим, Хамит Зейнеп облысқа жолдама алды.
- «Әбіш оқулары» байқауы (облыстық кезең): Болат Аяжан — 2 орын.
- Спорттық жарыстар (Ұлттық ойындар, Қостанай ауданы тәрбиеленушілері арасында): Жүрсін Айсезім, Амантай Нұрбек, Кабдыгали Райымбек — 1 орын.
- Ауыл олимпиадасы: Салпина Фариза (қазақ тілі) — 1 орын, Макашин Тимур (математика) — 1 орын.
- Пәндік олимпиадалар (аудандық кезең): Сейтбек Ақкенже (математика) — 1 орын, Рахмет Нұргүл (қазақ тілі) — 2 орын, Әділбек Ерасыл (Қазақстан тарихы) — 2 орын, Жанаков Мансур (Қазақстан тарихы) — 1 орын, Салимов Эльдар (орыс тілі) — 1 орын.
- Тәрбие және патриоттық бағыттағы жобалар:
Мектепте «Адал азамат», «Туған жерге тағзым», «Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы» сияқты жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жобалар арқылы оқушылар ел тарихын құрметтеуге, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және қоғамға пайдалы іс-әрекеттерге қатысуға тәрбиеленеді.- «Менің отбасым — Қазақстанның бір бөлшегі»: Джумади Али — 1 орын (облыста 2 орын), Ибраев Абильмансур — 2 орын.
- «Отан қорғаушы» аймақтық әскери-қолданбалы Чемпионат жарысы: Аманбаев Нурислам — 2 орын, Жүрсін Айсезім — 3 орын.
- «ПРОэко» байқауы: Уалиев Дамир — 2 орын, Бағдат Салтанат — 2 орын.
- Облыстық және республикалық бастамаларға қатысуы: «Ұлы тұлғалар жолы» жобасы (2025-2026 оқу жылы).
- Мектептің инновациялық тәжірибелері: Мектепте жаңа әдістер мен технологияларды енгізу арқылы білім беру сапасын арттыруға бағытталған іс-әрекеттер жүзеге асады. Нәтижесінде сабақ өткізу процесін жетілдіруге және оқушылардың нәтижесін жоғарылатуға мүмкіндік береді.





