1. Жалпы мәліметтер
- Ұйымның толық атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Сарыкөл ауданы білім бөлімінің Бекет Өтетілеуов атындағы негізгі орта мектебі» КММ
- Заңды мәртебесі: мектеп
- Меншік нысаны: мемлекеттік ұйым
- Құрылған жылы: 1928 жыл
2. Геолокация және байланыс деректері
- Нақты пошталық мекенжайы: индекс 116000, Қараоба ауылы, Сұлтанғазин көшесі, 24А
- Ресми веб-сайты: https://Utetleuov.edu.kz
- Байланыс деректері: 87145135197
- Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
3. Атаулы мәртебесі
- Ұйымға тағайындалған көрнекті тұлғаның есімі: Бекет Өтетілеуов
- Тұлға туралы қысқаша өмірбаяндық мәліметтер:
Бекет Өтетілеуов бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезіне қарайтын Обаған болысының Қарат ауылында 1883 жылы 1 шілдеде дүниеге келген. Оның ата қонысы — өзі бір кезде өлеңдерін аударып, сахараға жайған, Совет өкіметі кезінде Лермонтов атындағы совхоз, ал қазір Ілияс Омаров атындағы кеншар (Алтынсарин ауданы).
Бекет Өтетілеуов алғаш сауатын ауыл молдасынан ашып, 1890 жылы ауылдағы 3 жылдық орыс мектебін бітіргеннен кейін, Меңдіқара аудан орталығындағы 2 сыныптық мектепте оқиды. Одан кейін Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин салдырған екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде Спандияр Көбеевпен бірге оқиды. Бекет Өтетілеуов өлеңді осы жылдары жаза бастайды.
Ы.Алтынсариннің екі сыныптық мектебін бітірген кезде Қостанайда ауылдық мектептерге мұғалімдер даярлайтын «педагогикалық сынып» деп аталатын қысқа мерзімді курс жұмыс істейді. Осы курсқа түсіп, оны ойдағыдай бітіріп, кейін өзі армандаған мұғалімдік қызметке құлшына кіріседі. Осыдан бастап ол ғұмырының соңына дейін, қырық жылдан астам уақыт бойындағы бар күш-жігерін жас ұрпаққа білім-тәрбие беруге жұмсайды.
Ұстаздық қызметін 1907 жылы Көкшетау уезінің Қотыркөл болысындағы Қаратал ауылдық мектебінде бастайды. Осы жерде ол Балуан Шолақпен кездеседі, Біржан салдың балаларымен әңгімелесіп, Біржанның шығармашылық жұмыстарымен танысады. 1916 жылы Қанымжол ауыл мектебіне мұғалім болып жіберіледі. Ахмет Байтұрсыновпен, Бейімбет Майлинмен, Спандияр Көбеевпен, Ермағанбет Исмаиловпен тығыз қарым-қатынаста болған.
1924 жылы «Учебник казахского языка для русских, после прохождения букваря /при разговорных уроках/» деген оқулық жазған. 1928 жылы өз сұрауы бойынша Обаған ауданындағы жаңа ашылған Казкоммуна мектебіне (кейіннен Қара-Оба мектебі) алғашқы меңгеруші болып тағайындалады. Б.Өтетілеуовтің көзі тірісінде Қазанда және Орынборда «Дүние ісі ахиретке кетпес» және «Жиған-терген» атты екі кітабы жарық көрген. 1949 жылдың 9 маусымында қайтыс болды. - Есімінің берілгенін растайтын құжаттар: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 қазандағы № 1021 қаулысы
- Атау күні: 2003 жылдың 3 қазаны
4. Тарихи анықтама
- Ұйымның құрылу және даму тарихы:
Мектеп іргетасы 1928 жылы қаланды, ал жаңа ғимараты 1987 жылы пайдалануға берілді.
Кейіннен «Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Қараоба орта мектебі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес «Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Б.Өтетілеуов атындағы орта мектебі» болып қайта аталды. - Ұйымның аймақтың білім беру және дамыту кеңістігіне қосқан үлесі: Мектеп — өскелең ұрпаққа сапалы орта білім мен тәрбие беріп отырған өңірдегі маңызды білім ордасы.
5. Жетістіктері мен үздік тәжірибелері
- 2023–2024 оқу жылы:
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі: 1-орын — 2, 2-орын — 1, 3-орын — 1.
- «Мың бала» республикалық олимпиадасы: 1-орын — 1.
- «Жарқын болашақ» республикалық конкурсы: 2-орын — 1.
- Әсембекова Қарлығаш Әлиевна: «Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасы — 1-орын.
- Сибанбаев Альтаир Адамбекович: «Өнеріміз саған, Қазақстан!» байқауы («Үздік хор топтары» номинациясы) — 3-орын.
- Оспанов Дастан Бегенович: Жеңіл атлетикадан аудандық спартакиада — 2-орын.
- Бешимова Салтанат Мыңжасаровна: «Lesson Study» республикалық олимпиадасы — 1-орын.
- 2024–2025 оқу жылы:
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі: 1-орын — 1, 2-орын — 1.
- «Алтын сақа» математика олимпиадасы (аудандық): 3-орын — 2.
- «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасы (аудандық, «Әнші бұлбұлдар»): 2-орын — 1.
- «Ыбырай оқулары» сайысы: 1-орын — 1.
- Тоғызқұмалақтан аудандық турнир: 3-орын — 1.
- «Алтын сақа» математика олимпиадасы (облыстық кезең): 3-орын — 1.
- 7–8 сынып оқушыларының пәндік олимпиадасы (облыстық кезең): 3-орын — 1.
- «Қауіпсіз интернет» республикалық бейнероликтер байқауы: 3-орын — 1.
- 2025–2026 оқу жылы:
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі: 2-орын — 2, 3-орын — 1.
- «Алтын сақа» математика олимпиадасы: 3-орын — 1.
- «Funny English» ағылшын тілі бойынша қашықтық олимпиадасы: 2-орын — 1.
- Қолданбалы лингвистика бойынша олимпиада: 2-орын — 1.
- ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған сурет байқауы: 2-орын — 1.
- «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы: 3-орын — 1.
- «Iqanat» олимпиадасы (аудандық кезең): 2-орын — 1.
- «Бастау» математикалық олимпиадасы (бастауыш сыныптар): 3-орын — 3.
- «Болашақ мамандықтары» бейнероликтер байқауы: 3-орын — 1.
- «Мамандықтар әлемін ашамыз» байқауы (аудандық): 2-орын — 1, 3-орын — 1.
- «Атамекен» облыстық олимпиадасы (бастауыш сыныптар): 3-орын — 1.
- «Жарқын болашақ» («Әнші бұлбұлдар» бағыты): 1-орын — 1.
- «Жарқын болашақ» («Жас суретші» бағыты): 2-орын — 1.
- Қалиева Айнұр Қадырбековна: «Педстарт» қашықтық олимпиадасы — 1-орын.
- Маркова Валентина Александровна: «Методический вернисаж» облыстық байқауының аудандық кезеңі — 3-орын.
- Әсембекова Қарлығаш Әлиевна, Мусабаева Марина Акановна, Логинова Наталья Сергеевна: «Кітап оқитын педагог» байқауы — 2-орын.





